Жеңілдетілген автонесиеге өтініш берген адамның өтініші үш себеп бойынша бас тартылуы мүмкін.
Олар мынадай:
- Осыған дейін бағдарлама аясында несие алса, бұл адамның өтінімі қабылданбайды.
- Платформада осы адамның өтінімі бұған дейін енгізіліп, қарастыру кезеңінен өтіп жатса, жаңа өтінімді қосу мүмкіндігі болмайды.
- Бағдарламаға қатысып жатқан банкте қаражат лимиті таусылса.
Гаппаров автокөлік пен несиені берудің толық рәсімін 60 күннің ішінде аяқтау керек екенін айтты.
Осы рәсімнен аталған мерзімде өте алмағандар пулдан шығарылып, өтінімді қайтадан беруі керек. Атап айтқанда, өтінімі мақұлданған адамдар төлем шотын алу үшін автосалонға барып, кейін банктегі құжаттарды рәсімдеуге тиіс,
деді ол.
Өнеркәсіпті дамыту қорының басқарушы директоры Ғалымжан Әди өтініш бергендердің біріне жеңілдетілген автонесие берілмеген жағдайда, ақша бір айдан кейін жаңа өтініш беретін келесі үміткерлерге аударылатынын айтты.