Автонесилендіру бойынша екі мәселе бар.
Біріншіден, әр айда қайтарылған қаржы есебінен қосымша автонесиелендіруді жүзеге асырамыз дедік. Бірақ айына шамамен 1 млрд теңге қайтарылып отыр. Ол 100 көлікке жетеді. Осы уақытқа дейін 4 млрд теңгедей қаржы қайтарылды. Ол ең көп дегенде 400 көлікке жетеді. Бағдарлама жарияланғанда 5 млрд теңгедей қаржы қайтарылған соң қайта бастауы керек.
Екіншіден, бастапқы жарна болмайтын. Енді 10% бастапқы жарна енгізілу қарастырылып отыр. Көліктің құны 15 млн болса, 10 млн теңге несие берілетін. Оны да төмендету жоспарда бар.
Белгілі бір жалақысы бар адамдарға шектеу енгізу көзделіп отыр. Белгіленген шекті жалақыдан асып кетсе, көлік ала алмайды. Осылайша, мұқтаж жандарға арнап жасалады.
Министр көлігі барлардың бұл бағдарламамен көлік ала алмайтынын айтты.
Айта кетейік, осыған дейін бағдарлама бойынша 761 қазақстандық 18 секунд ішінде өтініш беріп, көлік алған.