Сонда әр мектеп білгенін істей ме???
Баланы өздері қалаған бағытта оқытып тәрбиелей ме???
Бұл болашақ ұрпақ үшін де, мемлекет үшін де, ұлт үшін де, тәуелсіздік үшін де өте қауіпті. Сондықтан жекеменшік мектептер мен медреселерді қатаң бақылауға алуды талап етеміз.
Бүгінде елімізде өте қауіпті құбылыс жүріп жатыр — діни көзқарас арқылы ұлтты бөлшектеу. Бұл тенденцияның соңы жақсылыққа апармайды. Бүгінгі билік тарихтан, өзге елдерден сабақ алмаса, ұлттың, мемлекеттің жойылуына себеп болады. Тіпті, кейде біздің билік ұлтты жоюға мүдделі деген ой келеді. Оның дәлелдері көз алдымызда өтіп жатыр.
Шешенстанға көшем дейтін текесақал бахабиттердің жекеменшік мектептері балаға не оқытып, не үйретеді? Қадағалаңыздар! Ондай жекеменшік мектептер және балаларды «цветной» қоғамға тәрбиелейтін жекеменшік мектептер жабылуы тиіс!
деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы Фейсбук парақшасында.
Аз қазақ онсыз да азып-тозып бітті.
Бүгінгі қазақ ұрпақты сақтауға, сапалы ұрпақ өсуіне бар күш-жігерін жұмсамаса, ертең қазақ сібір халықтарының күнін кешіп жойылады.