Күні кеше, Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнер қайраткерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Солардың қатарында әнші Әли Оқапов та бар. Әли Оқапов «Құрмет» ордені иегері атанды. Бұл жаңалықты өнер иесі Instagram парақшасында бөлісті.
Бүгін «Құрмет» орденінің иегері атандым! Күтпеген жағдай болды шынымен. Көп рахмет! Осы атаққа лайық еңбек етуге, артылған сенімді ақтауға барымды саламын. Құттықтауларыңызға рахмет! Басымды иемін!,
деп жазды әнші.
Алайда көпшілік әншінің бұл марапатын лайық емес деп есептейтін көрінеді. Желі қолданушыларының пікірінше, экран алдында талай жылдан бері тер төгіп жүрген, алайда ешбір құрмет көрсетілмей келе жатқан өнер майталмандары жетерлік екенін айтып жатыр.
“Қызғанғаным емес, бірақ ән айтса – өздерінің күнкөрісі, ел үшін қандай еңбек сіңірді осылар”, “Не үшін? Роза Рымбаеваның баласы болғаны үшін бе?», “Ордендердің ді қадірі қалмады-ау”, “Қандай еңбегі үшін?”, “Роза ханымды ренжітпепті”,
деп сынның астына қалды.