Қайрат Әділгерейдің соңғы уақыттардағы бар құмарлығы — «желіні жару» болып алған ұқсайды. «Түнгі студия» жобасынан шығып қалғанына өш алғаны ма, актер төте жолмен елді шулатуға шебер болып алды.
Біз Қайрат Әділгерейдің соңғы кездері қандай ерсі қылықтармен жұрттың жағасын ұстатып жүргені туралы жаздық.
«Қолы арам болды-ау»
Қазан басы «Қайрат Әділгерей Лұқпан Жолдасовтың артын шұқыды» деген жаңалықпен басталды. Қайрат Әділгерейдің әзіл-оспаққа жақын екенін білген адам «хайп» деп, мән бермей өтіп кететін еді. Алайда өнер адамдарының әр әрекетін лупамен қарағандай қарап, «әдет-ғұрып сотына» салуға құмар жұрт актердің бұл әрекетін назардан тыс қалдырмады.
Шынында да, желіде тараған видеода актердің әнші Лұқпан Жолдасовтың артына қолын жүгірткенін байқауға болады. Актер мұны елді күлдіру үшін жасағаны байқалады, алайда көпшілік оның бұл ерсі қылығын түсінбеді. Актер жаппай сынға ұшырады:
«Қайраттың мына тірлігі өте ұят болыпты. Лұқпан ағаға олай жасағаны көргенсіздікті білдіреді», «Бір сәтсіз шыққан қалжың болды-ау», «Енді тыққан қолымен тамақ жейді. Қолы арам болды», «Бұлардың бәріне не болған? Этика- эстетикадан жұрдай ғой. Ақшадан басқа көздері ештеңені көрмей қалған», «Осы Қайраттың басы істемейді, халықтың алдында ән айтып тұрған адамның артын ұстайма екен?! Әзілдіңде орны бар, мәдениеттен жұрдай тәлпіш еркек»,
деп жазды желі қолданушылары.
Дегенмен, Қайрат Әділгерей кейін бұл қылығы үшін әншіден кешірім сұраған ұқсайды. Қызық болғанда, актердің кешірім сұраған аудиожазбасы да Whatsapp топтарын шарлап жүр.
«Біздің іште жүрген видео тарап кетіпті. Өшіре салу керек еді ғой. Кімде жүрді ол, біреу-біреуге таратты ма, не болды мынау?! Ұятқа қалып жатырмыз. Лұқпан аға, айып етпеңізші! Кешіріңізші! Ұяттан өліп, қызарып жатырмыз мына жерде. Бүкіл чатта жүр»,
дейді аудиожазба авторы.
«Намыссыздар»
Актердің тұзы жеңіл ме, елдің көңілін көтеремін деген ниеті әрдайым сынға ұшырап, керісінше ашуын тудырып жүр. Осылайша, тойлардың бірінде Қайрат «Өнер қырандары» театрының актері Жанболат Найзабековтың алдына келіп, құдды бір түнгі клубтың стриптиз-шоудың қыздарындай мың бұрала билейді. Әлбетте, бұл іс-әрекетін де желі қолданушылары ерсі деп тауып, қатаң сынады.
Facebook желісінде Жәнібек Иманмәзір есімді желі қолданушысы актер Қайрат Әділгерейдің іс-әрекетін сынап, әзіл-оспақ театрларынан алыс жүруге шақырды. Айтуынша, актерлерде ар-намыс қалмаған.
Өткенде Ұлықпанның құйрығына саусақ қолын тықан Қайраттың видеосы тараған еді. Енді бүгін Қайраттың тойда билеп жүріп, секси қыздар сияқты бір еркекті аймалап, аузымен оның мүшесін алған сияқты биі тарады. Аймалаттырған еркекте де намыс жоқ.
Өзі ер адам боп тұрып, еркекке өзін қалай аймалаттырғызып отыр? Сонда оның өзін еркек аймалап жатқанынан бойы тітіркенбей ме? Көп күле берген адамдар, бара-бара осындай намысы жоқ адамға айналып шыға келеді. Енді күлдіргіш шоу театрларға бармаңыздар дегім келеді. Осындайлардан халық теріс айналса екен.
Осындай жиіркенішті адамдарды тойға шақырып ақша төлеуді тоқтатыңдаршы. «Арақ ішілген үйге ібіліс жетіп келген соң, бұл жерге қырық күн періште жоламайды» дейді. Сол сияқты есалаңдар жүрген тойдағы бата мен дұғалар қабыл болмайды да шығар. Бұлар да адам кейпіндегі ібіліс сияқты.
Ұлықпанның құйрығына тыққан арам қолымен енді тамақты алып аузына салып жейді. Енді онымен амандасқанда арам қолын ұстаудың өзі жиіркенішті. Ей, мынаны қалай қазақтың жігіті дейсің,
деп ашынды желі қолданушысы.
Оны басқа оқырмандар да қостады. «Расымен де қуып кетті», «Не істерін білмей жүр-ау», «Масқара», «Не боп бара жатыр?», «Хайп қуған бәлелер ғой», «Ұнатпай қалдым», — деп оқырмандар пікір жазды.
«Аузым бар деп оттай береді»
Ойынан бұрын тілі бірінші шығып кететін Қайрат Әділгерейдің тағы бір орынсыз әзілі жұрттың талқысына түсті.
Қайрат Әділгерей өзі жүргізген тойда әнші Ұланғасыр Қамиды ортаға шақырып жатып: «Шатунов өлгелі осы баланың бағы жанды. Қарсы алыңыздар Ұланғасыр Қамиев — Қызыл Раушан», — деп жариялайды.
Бұл сөзі көп адамға жақпай қалған ұқсайды
«Аузым бар деп оттай береді екен», «Осының-ақ жүрген жерінен шөп шықпайды екен», «Масқара», «Бір күні плотно оңбайды», «Орынсыз қалжыңдасады», «Жағымсыз әзілдейді», «Бір күні оңбай таяқ жейді ғой», — деген пікірлер жазылып жатыр.
Қайрат Әділгерейдің өзі әлеуметтік желілердегі буллингті қалай көтеріп жүргені белгісіз. Орынсыз әзілімен, ерсі биімен қоғамның талқысына қайта-қайта түсіп жүргеніне қарағанда, бұл оған керісінше ұнайтын сияқты.