Әртіссіңдер ғой, Антикор!
“Менің атым Қожа” фильміндегі бұзық Қожаның рөлінде мен, өтірікші Сұлтанның рөлінде сендер ойнап жатсыңдар ма?
Шымкентте жемқорлықпен күрес жиналысына әртіс Берік мырзаны шақырыпты.
Бұл кісінің актерлік шеберлігіне дауым жоқ. Бірақ Шымкент әкімдігінің төріне шақырып сөз сөйлейтіндей, Шымкентте қандай жемқорлықты ашып, сыбайластықты алдын алды екен?
Дәурен Ерғарин мырза!
Жемқорлыққа қарсы күресу- киноға түсу емес!
Қанша жазылған шағымдарым қараусыз, жауапсыз қалды!
Қаншама жемқорлық жайлы көтерілген мәселелерім жергілікті Антикор тарапынан зерделеніп жатқан жоқ!
Сіздер суретке, киноға түсу үшін жүрсіздер ме?
Берік мырза Шымкентте қандай жемқорлықты ашты, айтып беріңізші?
Әртіс Берік мырза, жергілікті жерде басын бәйгеге тігіп, жемқорлармен күресіп жүр ме еді?
Құрметті Олжас Абайұлы!
Антикордың атын — Актерлар деп өзгерте салайық!
деп күйінді заңгер Айгүл Орынбек.