Ресейлік компаниялар арзан қытайлық құрамдас бөлшектерге ауысып, тауарлардың бағасын төмендетіп, сапаны құрбан етуде. Қазақстандық өндірушілер де осындай қосалқы бөлшектерге көшу туралы ойлап жүр, бірақ тауарды «Б» әрпімен белгілейтін болады. Және ол кепілдіксіз сатылады.
Белгілі кәсіпкер және Алматыдағы желдеткіш зауытының директоры Марат Баккулов сыбайлас жемқорлық пен шенеуніктердің сапа мәселелеріне немқұрайлы қарауы іс жүзінде кепілдіксіз «Г»-ны өндіруге мәжбүр етіп отырғаны туралы сөзбе-сөз былай деді:
Сапаның қытайша аналогы
«Біздің ең жақын бәсекелестеріміз – ресейлік зауыттар. Бұрын біз тең дәрежеде бәсекелесетінбіз. Санкцияларға дейін. Өйткені құрамдас қосалқы бөлшектер бір жерден жеткізілетін. Sshneider және Siemence деген автоматика оларда да бар, бізде де тура солай. Оларда бес жылдық кепілдікке ие швейцариялық Belimo жетектері бар — бізде де сол.
Желдетудегі автоматиканың рөлі өте маңызды. Өйткені ол тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді. Мұнда ең бастысы – мүлтіксіздік. Қытайлық аналогтарды ресейліктер де, біз де қолданған емеспіз.
Қытайдыкі нашар. Бағасы арзан, өзі де тым құрзан. Кез-келген сәтте істен шығып қалуы мүмкін. Ал сіздің қымбат қондырғыңыз бір секундта-ақ жарамсыз металл болып қалады.
Санкциялар және логистика
Бірақ санкциялардың кесірінен менің клиенттерім еуропалық сападан айырылды.
Өткен жылы ресейліктер қорда қалған бөлшектермен жұмыс істеп шықты, бірақ ол қорлар таусылды. Ал біздің жеткізушілер бізге жаңа жеткізу арналарын ашты. Енді біз Schneider-ді Дубайдағы кеңседен сатып аламыз, ал Сименсті Германиядан тікелей алып келеміз.
Бірақ енді қалай болғанын қараңыз. Ресейліктердікі аяқ-астынан арзан болып шыға келді. Себебі қытайдың арзан бірдеңелерін пайдалана бастады.
Ал енді не істесек екен деп басымызды қатырып отырмыз. Себебі жай ғана тапсырушылардан басқа бізде мемлекеттік құрылыс та бар. Онда не істеу керек?
Бақылаушыларға бәрібір
Отандық тапсырыс беруші үшін бөлшектердің қандай болатыны маңызды емес. Оның себебі түсінікті. Табыспен бөлісу, бақылаушылардың немқұрайдылығы және тағысын тағы. Әсіресе мектептерде. Мердігерлердің де, субмердігерлердің де психологиясы сондай – «осы да жарайды» деп жүре береді, және көбінесе шынымен де жарап жатады.
Сол себепті екінші желіні енгізуге бел будық – ол таза арзан Қытай.
Ресеймен бағаларымыз да қайтадан бірдей болады. Дені дұрыс сатып алушыларға Германия, Швейцария және Бельгия ұсынылады. Яғни «Стандартты» түрі. Оған кепілдік беріледі.
Ал арзан, кепілдіксіз түріне әлі атау да ойлап таппадым. Жай ғана «Суперүнемді» деп атайық па, әлде тек «Б» әрпін салып қояйық па? Мағынасы да түсінікті деп ойлаймын.
Көңілімді түсіретін бір жайт: неге мектептерге осылай қарайды екен? Яғни мен ол жерге тікелей сатпаймын ғой, бәрін шешетін мердігер мен тапсырыс берушілер.
Бірақ, сөздің шыны, адамгершілік тұрғысынан қарайтын болсақ – ұяттары жоқ екен.