Индонезиядағы жер сілкінісі кезінде 5 жасар Азка үйінді астында қалып қойған.
45 сағат бойы қирандылар астында жатқан баланы құтқарушылар алып шықты. Тек аштықтан әлсірегені болмаса, өзі аман-есен. Оның туысы Салман Альфариси баланың жақсы екенін және жарақат алмағанын айтты.
Апат салдарынан анасы мен әжесі қайтыс болды. Ал баланың үстіне құлаған матрас оның өмірін сақтап қалды.
21 қарашада Индонезиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 268-ге жетті. Жергілікті биліктің мәліметінше, қазір 151 адам хабар-ошарсыз. Мыңнан астам адам жарақат алды. 2300-ден астам үй толығымен қирады.