Жергілікті тұрғындар полицияға белгісіз біреудің 40 қойды ұрлағанын айтып, арызданған. Жәбірленішуге 3 миллион теңгеге шығындалған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Нәтижесінде полиция осы іске қатысы бар екі күдіктіні ұстады. Олар жергілікті тұрғындар болып шықты.
Күдіктілер түнгі уақытта жайылымда жайылып жүрген малдарды көріп, оңай жолмен пайда табу мақсатында ұрлаған. Сондай-ақ олар ұрланған малдарды ГАЗель автокөлігімен Сарыағаш ауданына апарып сатқан, ал ақшаны өзара бөліскен.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын нақтылайтын болады.