Талдықорғанда мектептердің бірінде дау шықты. 15 жасар қыздың жүкті екені жоспарлы тексеру кезінде белгілі болды, деп хабарлайды Жетісу облысы полиция департаменті.
Медициналық тексеруден өту кезінде оқушы қыздың екіқабат екені анықталды.
Кәмелетке толмаған қыз Талдықорған қаласындағы орта оқу орындарының бірінде оқиды. Дәрігерлер оның жағдайын білгенде, қыз екі жақтың келісімі бойынша өзінің туған әпкесінің күйеуімен жыныстық қатынасқа түскенін мойындады.
Тоғызыншы сынып оқушысының жүктілігі туралы ешкім білмеген. Бірақ колледжге түсу кезінде қыз медициналық тексеруден өтуге мәжбүр болады, сол кезде оның жүктілігі туралы дәрігерлермен қатар полиция да біледі.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама қорытындысын алғаннан кейін қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілетін болады.
Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер — белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады,
деп хабарлады облыстық полиция департаменті.