1999 жылы туған жігіт Жетісу облысындағы 74261 әскери бөлімнің қызметкері болып шықты.
Белгілі болғандай, екеуі әлеуметтік желі арқылы танысып, бірнеше рет кездесіп жүрген. Аяғы ауыр болып қалған қыз Панфилов ауданына қарасты Лесновка ауылындағы орта мектептің оқушысы болып шықты. Ал шекаралық аймақтағы әскери бөлім Қорғаныс министрлігіне қарайды.
Аудан әкімдігінің ақпаратынша, шекаралық аймақтың қауіпсіздігіне жауапты әскери бөлім биыл ғана ашылған.
Оқушы 2008 жылы туған. Ал қамауға алынған әскери қызметкер отбасылы, бір баланың әкесі. Әскери қызметкер қазір қамауда, істі Сарыөзек әскери гарнизонының әскери полициясы тергеп жатыр.
Бұдан бұрын Панфилов ауданында сегізінші сынып оқушысы жүкті болып қалғаны туралы мәліметті жазған едік.