Жетісу облысы, Сарқанд ауданында математика пәнінің мұғалімі өз шәкіртін зорлады деген күдікке ілініп, екі күннен бері іздестіріліп жатыр.
Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің айтуынша, 35 жастағы күдікті 10 жыл бойы Сарқанд қаласындағы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген.
Одан бөлек, ол зорланған 14 жастағы ұлдың жездесі болып шықты.
Қылмыс Сарқанд қаласындағы қонақүйлердің бірінде болған. Бөлмелердің бірінен көмек сұраған шудың дауысы естілгендіктен администратор келген.
Ол баланы босатып, полиция шақырғанымен қылмыскер қашып үлгерген. Қазір Сарқанд құқық қорғаушылар оны іздестіруде.
Полицейлер Сарқанд қаласына алыс емес таудан оның көлігін тапты. Іздеу жалғасуда.
Қалалық полиция қандай да бір ақпарат алған жағдайда дереу Жетісу облысының Сарқанд АІІБ-нің кезекші бөліміне мына телефондар арқылы хабарлауыңызды сұрайды:
- 8 (72839) 2-15-30
- 87719787614