Жетісу облысында 9 балалар лагерінің қызметіне тексеру жүргізілді. Олардың барлығы өрескел заң бұзушылықтармен жұмыс істеп келген.
Тіпті, лагерьлердің бірінде «параноидтық шизофрения» диагнозы қойылған адам жұмыс істеген.
Тексеріс барысында Текелідегі лагерлердің бірінде «параноидтық шизофрения» диагнозымен есепте тұрған медицина қызметкері жұмыс істегені анықталған. Ал Көксу ауданындағы «Қарлығаш» лагерінің қауіпсіздік сертификаты жоқ боп шықты.
Ведомствоның хабарлауынша, лагерлердің барлығында өрт қауіпсіздігі нормалары сақталмаған.
Кейбір лагерьлерде мерзімі өткен дәрі-дәрмектер сақталған.
Балалардың лагерьлерде тұруы мен бос уақытын өткізу жағдайы да техникалық нормалар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді.
Тексеру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.