Полицейлер Панфилов ауданы Әулиеағаш ауылынан хабар-ошарсыз кеткен 15 жастағы Айзере Қанатбайқызы Ербосынды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
4 маусымда кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, әлі оралмады. Мектеп оқушысы қара жемпір, қара джинсы және ақ түсті кроссовка киген.
Жасөспірімнің белгілері: орташа денелі, көзінің түсі қоңыр, шашы қара, ұзын.
Қызды көрген-білгендер болса көретілген нөмерлер арқылы хабарласуды сұрайды.
- +7 705 519 1021
- +7 707 786 4630
- +7 771 492 1007
- 102