Categories: Ғылым

Жигули Дайрабаев депутаттық сауал жолдады

«Аграрлық ғылым жаңа министрлікке неге өтпеді», деген сауал тастады ол мәжіліс отырысында.

Рас-ау, сөзінің жаны бар. Аграрлық ғылымның бірнеше зерттеу институттары қазір базалық қаржыландырудан шеттетіліп қалды.

Заңда жоқ нәрсе қаулыда тұр, мұны қалай түсінуге болады?

Депутат Дайрабаев былай дейді:

«Ғылым туралы» Заңнын 27-ші бабына сәйкес, аграрлық ғылыми зерттеу институттары мемлекеттік тапсырыс алу үшін конкурсқа қатысуы керек. Кәдімгі тендер ойнатқандай. Дәл қазір азық-түлік қауіпсіздігін күшейтетін заманда ғылыми мекемелер бір-бірімен жарысатыны қалай? Ғылым ойын емес!

Тағы айта кететін жайт, көп ретте сол конкурста мақаласын шетелдік басылымда шығарып қойған пысықтар ұтады. Ал талай жыл зерттеу жасап, оны толық кітап қып шығарған тәжрибелі ғалымдардың еңбегі зая кетеді. Осылай саны бар, сапасы жоқ тақырыптарға қаражат бөлінеді.

Сосын, Ұлттық ғылыми кеңес құрамында соңғы жылдары ғылымнан хабары аз, салаға қатысы жоқ  азаматтар отыр. Нәтижесінде мемлекетке маңызды, халыққа пайдасы тиетін ғылыми тақырыптар шетте қалып жатады. Бұл шындық! Ұлттық ғылыми кеңес мүшелерінің сапасын жақсартып, санын ықшамдау керек.

Әлемдік тәжірибеде әр мекеме тек өз жұмысымен айналысады. Осыны ұмытпауымыз керек. Бұрын ғалым дәрежесіне үміткерлер, өз диссертацияларын институттардын қабырғасында, яғни университеттерден тыс жерде қорғайтын. Жалпы, ғылыми мекемелерді әрі-бері қозғап, көрпені жан-жаққа тартуды доғарған жөн. Реформа деп жүргенде ғалымдардың саны 3000-нан 2000-ға кеміді, орта жасы 60-тан асты. Жас ғалымдар жоқтың қасы, бар болса да дайындықтары көңіл көншітпейді.

Ең басты мәселе – ғылыми институттарды молынан қаржыландыру. Механизация, экономика, қой шаруашылығы институттары ақша іздеп тентіреп жүр. Жоғарыдағы мәселелерді кім және қай кезде шешеді,

деді Дайрабаев өз сауалында.
Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago