Сенуге қиын шығар, бірақ XXI ғасырда және үшінші мыңжылдықта қалыңдық сатып алуға болады екен. Иә, танысып жатпай-ақ, әсер сыйлауды ойламай-ақ, мақтау сөз жаудырмай, белгілі бір ақысын әкеліп берсең жеткілікті. Сезім ше дерсіз. Жоқ, бұл жағдайды сезім туралы ойлаудың да қажеті жоқ. Шыдап, көңілі ашылып кете ме? Бәрі де мүмкін…
Қысқасын айтқанда, қыздарды сатылымға қоятын елдер бар. Сол елдерге тоқталып өтейік
Оңтүстік Судан
Әлемнің ең кедей елдерінің бірінде отбасындағы қыздарды «біз сізге қыз, ал сіз бізге ірі қара бересіздер» деген ұстаныммен тәрбиелеп өсіреді. Асықпасаң, үлгермей қаласың дейді. Себебі мұнда қыздарды ерте бастан сатылымға шығарады.
Тайланд
Төмен өмір деңгейі мен тай қыздарының сұлулығының саудасы қызып тұр. Экс-ұлды сатып алып қоймау — басты проблема. Әрине, ұрпақ жалғағыңыз келсе.
Ауғанстан
Бұл елде әйелдердің орны босағада. Билікке тәліптер келгелі одан бетер түсіп кетті. Бәрі бұрынғы замандағыдай — ақшасын бересің, қыз сенікі. Кейде сауда қыза түседі. Тараптардың бірі арзанға беріп қойғысы келмей жанталасса, бірі артық төлеп қоймаудың амалын іздейді.
Қытай
Таңғалмай-ақ қойыңыз. Әлемнің екінші экономикасы туралы да ұмыта тұрыңыз. Аспанасты елінің саясаты — «бір отбасы — бір бала», ұл бала культі гендерлік дисбалансқа әкеп соқты. 100 қызға 117 ұлдан келеді. Ақырында 10 жылдан кейін 24 миллион қытай әйел таппай бас ұрады деген де болжам айтылды. Енді қалталы азаматтар амалсыздан сатып алуға мәжбүр. Қазір қалыңдықтар 24 мың доллардан саудаланып жатыр дейтін де сыбыс тарады.
Жапония
Мұнда да таңғалудың реті жоқ. Күншығыс елінің тұрғындары толық отбасында өмір сүруге шамасы жетпейді. Сондықтан әйелдерді түрлі саудада жалға беру жағдайлары бар. Сондықтан «қызығын көріп, тастап кетті» дейтін сөз мұнда жаңалық емес.
Филиппин
Бұл елде «көрпеңе қарай көсіл» ұраны қызып тұр. Жұрттың жағдайы жоқ. Сондықтан да филиппин қыздары шетелге ақыға сатылудан арланбайды.
Вьетнам
Бұл елде үйлену нағыз бизнеске айналған. Батыстан келетін ерлер сұлу азиялық қыздарға қызығатындықтан, сізге мұнда сатыла салғысы келетіндердің қарасы көп.
Үндістан
Мұнда бәрі ертедегідей. ХХІ ғасыр ешкімді алаңдатпайды да! Үнділердің 85 пайызы ата-анасының таңдауымен бас қосып жатады. Бірақ бұл үшін әжептәуір ақы төлетеді. Махаббат ше? Бірігіп би билейсіз, болды, онсыз-ақ тіршілік жалғаса береді.
Доминикан республикасы
Жергілікті тұрғындар тағамды керемет әзірлейді, үйді таза ұстайды, ерін ынтық ете алады. Айтпақшы, бұл қалыңдық сатылатын Карибтегі жалғыз ел. Ақшасын берсеңіз, таңдап тұрып аласыз.
Осылай…
Көзқарасыңыз қандай?
Оставить комментарий