Қарағанды облысында әйелі мен күйеуі, олардың үш баласы көз жұмды. Бір бала ауруханада жатыр. Ол әлі отбасынан айырылғанын білмейді.
35 жастағы азамат түнгі уақытта қатты шаршағандықтан жол белгілерін байқамай, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жолға шығып кеткен.
- Ереже бойынша, белгілер жолдың бойында тұру керек. Ол бір емес, бірнеше болуы керек. Сондай-ақ белгілер жарықтанып, көлік жақындаған сайын анық көрінуі тиіс.
26 тамыз күні сағат 23:00 шамасында «Балқаш-Приозерск» автожолында Гүлшат кентінен 23 шақырым жерде «Опель Вектра» автокөлігін тізгіндеген 35 жастағы жүргізуші жөндеу жүріп жатқан жабық жолға шығып кетіп, 25 жастағы жүргізуші басқарған «Хово» автокөлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның 30 жастағы әйелі, олардың кәмелет жасына толмаған үш баласы оқиға орнында көз жұмды. Бір бала медициналық мекемеге жеткізілді,
деп атап өтті Қарағанды облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Зәрубаев.