Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып, қашып кеткен. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Қайғылы оқиға 7 қарашада таңертең Момышұлы көшесінде болған. Таңғы 7:30 шамасында Alatau city тұрғын үй кешені алдында кептеліс пайда болды. Кейін мұндағы жаяу жүргіншілер өткелінде адамды қағып кеткені белгілі болды. Соққының күшті болғаны сонша, дене 20-30 метр артқа ұшып кеткен.
Оқиға орнына бірнеше полиция көлігі келді. Полицейлер хабарлауына, марқұм — 45 жастағы Алматы тұрғыны. растады. Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткенін айтты.
7 қарашада таңғы сағат 7:25-те белгісіз жүргізуші белгісіз көлікпен Момышұлы көшесі бойымен солтүстік бағытта, №5 үйге қарама-қарсы келе жатып, жолдың белгіленген бөлігінде батыс бағытта өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні, 1977 жылы туған әйелді қағып кетті, салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болды. Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі мен 347-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды, осы қылмысты жасаған жүргізушіні анықтау және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр,
деді Алматы қалалық ПД тергеу басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.