Categories: Қоғам

Журналистерді қолдау қоры құрылды

Бұл туралы Хабар агенттігінің басқарма төрағасы Берік Уәли мәлімдеді.

Тілшілердің тынымсыз тіршілігі туралы айтқанда, бірінші кезекте Шерағаңның қанатты сөзі еске түседі. Қайталап жатпайын, оны бәріңіз де білесіздер. Расында, 1 жарым минуттық сюжетке, бір тұщымды мақала мен радиохабар үшін журналист күні бойы тірнектеп материал жинайды, тараптарды тыңдайды, жан-жақты мәлімет алады, т.б.. Сол жұмыстар кезінде журналистен бөлек көзге көрінбейтін қаншама маман жұмыс істейді. Режиссер, оператор, жарық түсіруші, монтаж инженері, гримёр, дыбыс режиссеры, дизайнер, бет қаттаушы, контент-менеджер тіпті көлік жүргізушісіне дейін эфирге шығатын теле-радио өнімдер мен газет, журнал, сайтта жарық көретін дүниенің әр минуты, әр әрпі үшін жан аямай жұмыс істейді. Бұлардың бәрі – бір сөзбен айтқанда БАҚ қызметкерлері.

Міне, сол БАҚ саласында аянбай еңбек етіп жүрген әріптестерге ақжолтай жаңалығымды жеткізгім келеді. Елордада «Журналистерді қолдау қайырымдылық қоры» құрылды. Бұл былтыр  көктемде басталған жұмыс еді, жақында ресми тіркеліп, құжатымыз қолымызға тиді,

деді ол.

Қордың жұмысы аз қамтылған отбасылардан шыққан жас журналистердің, жалғызбасты және көпбалалы журналистердің материалдық жағдайын жақсартуға, жас мамандардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге, баспана мәселесінің шешілуіне ықпалдасуға және құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.

Сонымен қатар, аталған ұйым журналистердің беделін арттыру, кәсіби-шығармашылық мүддесін, авторлық және сабақтас құқықтарын, ар-намысын, іскерлік беделін қорғау, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын жақсарту, ардагер журналистерге тиісті деңгейде құрмет көрсету мақсатымен кәсіптік одақтармен ынтымақтастық орнатуды да жоспарлап отыр.

Әріптестеріміздің қандай да бір өтініштерін білікті ардагер журналистер мен қоғам белсенділерінен құрылған арнайы комиссия қарайтын болады. Алдағы уақытта Ұйымның жұмысы туралы қосымша хабарлап отыратын боламыз,

деді Берік Уәли.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago