Әлеуметтік желіде журналистерді «қолтырауынға» теңеген Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза, өзінің жазбасы үшін кешірім сұрады. Ол әзілінің орынсыз болғанын, алдағы уақытта мұндай жазбалар қалдырмайтынын айтты.
Кеше Nat Geo Wild арнасынан қолтырауындар туралы бағдарлама көрдім. Қолтырауындар зебралар мен гнулардың көші басталғанда Мара өзенінің ең таяз жерінде күтіп отырады екен. Яғни қолтырауындар шөпқоректілердің өзеннің таяз жерін сезетінін біледі. Бүгін кезекті пленарлық отырысқа бара жатып, бізді күтіп отырған журналистерді көзім шалып қалды. Адамдар әлемі мен хайуанаттар әлемінің ұқсастығы баршылық. Аңғарған адамға,
деп жазған депутат.
Дегенмен, тілшілер депутаттан не себепті хайуанатқа теңегенін сұраған, ал ол адамзаттың өмірінде хайуанатпен, табиғатпен байланыстар көп екенін, әрі салыстырмалы түрде қалжың ретінде жазғанын айтып ақталды. Сондай-ақ, ол парақшасындағы жазбасын бірнеше минуттан соң өшіріп тастап, артынша қысқаша пікір қалдырған.
Журналистер туралы жазған қалжыңым орынсыз болды. Ашылғым келді, бірақ тәсілім өтпеді, ұнамады қабылданбады. Бүгінгі күн маған — сабақ. Бұл қоғамға классикалық, салмақты, тұйықтау депутат керек екен. Солай түсіндім. Өзгереміз,
деп бөлісті мәжілісмен.