Шенеунікке журналистің бірнеше рет өзі туралы сын мақала жазғаны ұнамаған.
Журналист Амангелді Батырбековті өлтіруге Сарыағаш аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшысы болған Бауыржан Майрықов тапсырыс берген.

Оған журналистің өзі туралы бірнеше рет сын мақала жазғаны ұнамаған. Сондықтан ол өзінің көмекшісіне 5 миллион теңге беріп, тілшінің көзін жоюды тапсырыпты. Журналистке шабуыл осы жылдың 4 қаңтарына қараған түні болған.
Бірақ жалдамалы жендет журналисті ұлымен шатастырып алып, денесіне бірнеше оқ тиген 31 жастағы жігіт ауыр жарақаттан емделіп шыққан еді.
Аталған қылмыстық іске бес адам қатысты болған. Олардың кінәсі толығымен дәлелденді. Олардың бәрі қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеу мерзімін алды.
Экс-шенеунік 11 жыл 3 айын темір тордың арғы жағында өткізеді. Қалғандары 11 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.