Жыл басынан бері қоғамдық орындарда түкірген астаналықтарға 19 млн теңге айыппұл салынды.
Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде Астана қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Арман Айтмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Әсіресе, қоғамдық орындарда және көшелерде түкіріп жатқан азаматтарға назар аударылады. Жыл басынан бері түкіргені үшін 1 200 азаматқа 19 млн теңге айыппұл салынды. Бүгінде оның 5 млн теңгесі немесе 28% өндірілді.
Спикердің айтуынша, түкіру фактілері елордадағы базарлардың маңайында жиі тіркеледі. Арман Айтмағамбетов олардың барлығы бейнекамералардың көмегімен анықталып жатқанын мәлім етті.
Айта кетейік, бүгінде Астана қаласының аумағында 14 мыңнан астам камера бар. Алдағы уақытта олардың санын ұлғайту жоспарланып отыр.