Қазір 27 елге 103 авиамаршрут бойынша халықаралық тасымалдарды 3 отандық, 26 шетелдік әуе компаниясы орындайды.
2023 жылы 18 жаңа маршрут ашу жоспарланып отыр, оның тоғызы ашылған.
Жыл соңына дейін Доха, Куала-Лумпур, Анкара, Карачи, Лахор, Джидда, Маскат, Прага және Тель-Авивке тағы 9 жаңа халықаралық маршрут ашылады деп жоспарланып отыр.
2025 жылға дейін Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йорк және басқа қалаларға рейстерді ашылады.
Халықаралық жолаушылар авиатасымалын дамыту үшін 2017 жылдан бастап Open sky режимі енгізілді.