Фейсбук әлеуметтік желісінде Серік Боқан есімді қоғам белсендісі жылқы етін жеудің асқан зиянын айтып, тұтас ұлтқа қауіп-қатер төніп тұрғанын жеткізеді. Автор өз жазбасында қазақ халқын жылқы етінен біржола жиренуге шақырады.
Өз ойын Серік Боқан былай бастайды:
Жылқы еті өмірге өте қауіпті! Шығыс медицинасы жылқы етінің түрлі бактерия, өте жаман ауырулар тудыратын азық екенін дәлелдеді. Ол жүрек, ми қан тамырларын жарып өмірге қауіп төндіреді.
Кейіннен жылқы етіне жаны қас автор Қытай медицинасына тоқталды. Жылқы етін тұтыну — бедеуліктің бастауы, ақырында тұтас ұлттың өз тамырына балта шабуы деген тоқтамға келеді.
Қытайдың бес мың жылдық тарихы бар медицинасында айтады:
Жылқы еті бауыр, бұйрек, асқазан, ішек жолдарын құрттар өрбіту арқылы ауыртады. Сүйектің сынуын, кеуектендіруін жеделдетеді. Доңыз бен жылқы етін қатар жесе, оба ауруын тудырады. Жылқы терісін жыланға жапса, жылан өледі. Жылқы етін жейтін адам өте көп ауруға шалдығады. Жылқы етін жеген қауымның өсімі тоқтайды. Ерлер белсіз, әйелдер бедеу болады
Қысқасы жарты сағаттық жылқы еті туралы ескертуді естіп өте қауіпті екенін білдім. Сақ болайық!
дейді автор.
«Жылқы көлік ретінде пайдалануға лайық көркемөнерші жаратылыс», — дейді автор бұл жайында.
Оқырмандар авторға жауап есебінде төмендегідей ой-пікір қалдыруда:
Жылқы етін жеген бабаларымыз он-жиырма баладан тапқан. Жылқының еті — адал
Қытайлар жемей-ақ қойсын. Қазаққа жылқы еті жағады. Жағып та келеді. Иә, майы сүйекті жұмсартатыны рас, бірақ оны үнемі жемейді ғой. Көбіне қыста соғым ретінде жейді. Жылқы еті денені қыздыратыны рас. Айта берсек, пайдасы көп. Жылқы еті — нағыз диета тағамы
Өтірік! Жылқы етін жеп жүз жасаған адамдар жетерлік. Керісінше денсаулыққа өте пайдалы
Еті зиянды болса, қымызы, саумалы ше? Өкпе ауруымен, бауыр ауруынан қымыз ішіп, саумал ішіп жазылғандар туралы не дейміз? Киелі жылқыға сөз келтірмеңіздер!
Жылқыны қалай зерттеп, біліп, бағып өсіріп баптауды алдымен қазақтан сұрап біліп алсын, әйтпесе жылан жегендердің үстіне жылқының терісін жаба салмыз-ау
Қауіпті құрт, шаян жейтін Қытайдың жылқысы шығар. Біздердікінің жегендері жусан, бәрі қазақтың кең даласында жайылған.
Алайда бұл жазылған жазба белгісіз себептермен өшірілді. Мүмкін автордың жазбасына қарсы шыққандар көбейіп кеткен болуы мүмкін. Бұл туралы медицина саласының білгірі, қазақтың әйгілі дәрігері жылқы еті туралы қытай медицинасының пікірін жоққа шығарып, өз ойын білдірді. Айтуынша, ол тек қазақты ең жақсы тағамнан айырудың тактикасы, аталмыш зерттеулерге сене бермеуге шақырды.