Бүгін ерекше тақырыпты қозғаймыз. Әркімге ұнай бермесі анық, дегенмен елемеу мүмкін емес. Жылқы етін тұтыну жайында әңгіме өрбітеміз. Қазақстанда туып, өскен маған бұл тақырып жақын. Оқуға зауқыңыз соқпаса, алдын ала кешірім өтінемін.
Халқымыз төрт түліктің төресі деп төбесіне көтеретін жылқының қасиетін тауысып айту мүмкін емес. Ата-бабамыз еті мен сүті шипа жануарды бағалай білген. Бұрын жылқыны көп асыраған. Оның етін барлығы жеген. Жылқы еті өте пайдалы, майы адам организмінде ешқашан тұнбаға түспейді екен. Өркениет дамыған сайын аталмыш дәстүр жойыла бастады. Дегенмен қазірдің өзінде дамыған елдер де көп тұтынады. Жылқы етінің нағыз құндылығын көшпелі ата-бабаларымыз жақсы білген. Дегенмен иісі мұсылманның барлығы жылқы жегіш емес. Мысалы Түркіменстанда жылқы етін жеуге тыйым салынған. Олар үшін жылқы – дос, жауынгер жолдас. Әр жердің салты әртүрлі.
Азия
Азия елдерінен бастағанды жөн көрдік. Азиялықтар үшін жылқы еті күнделікті тұтынатын маңызды азық. Орталық Азия бұл тізімде көш бастап тұр, Түркіменстаннан бөлек, әрине. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның бір бөлігінде жылқы етін қарқынды тұтынады. Негізінен етті қайнатып, бешпармақ дайындайды. Ол – пісірілген еттен, қамыр және пияздан жасалатын тағам. Сондай-ақ жылқы етінен шұжық, қазы дайындалады. Етті ішекке салып қайнатады немесе ысытады. Жылқы еті біздерде өте жоғары сұранысқа ие. Бие сүтінен жасалған атақты қымызымыз да бар. Кептірілген ет те көшпелі дәстүрден келе жатқан дәмді тағам. Оны сүр ет деп те атайды. Ол өте дәмді. Жылқы етінен палау, лағман да дайындалады.
Жылқы етін сүйсініп жейтіндердің тағы бірі — Монғолия. Алайда монғолдар қызылды біздердей іздемейді, мұсылман еместігінен де болар. Шошқа етін жеуге де тыйым салынбаған. Талғамайды, бір сөзбен.
Қытай. Қытайдың жемейтіні жоқ. Бірақ, жылқы етіне немқұрайлылықпен қарайды. 1578 жылы Қытайдың беделді ғалымы Ли Шижэнь жылқы етінің улы екенін, оны жеу өлімге әкелетінін жазған. Сондықтан олар сақтықпен қарайтын болды. Елде этникалық қытайлардан басқа, монғол, ұйғыр, мұсылмандар да өмір сүреді. Сондықтан қызылды іздеп тұрады-ау. Етті кептіріп, одан ұлттық тағамдарын жасайды екен.
Корея. Бұл елде тамақ мәселесі әрқашан өзекті. Олардың ит жейтін дәстүрлері мемға айналғаны көпшілікке мәлім. КХДР туралы айту қиын, ал Оңтүстүк Корея батысқа бет бұрып келеді. Қалыптасқан стреотиптер ақырындап жойылып келе жатыр. Қазір Корея халқы ит етін ғана емес, жылқы етінен де бас тартпақшы. Алайда ұлттық тағамның бірі — хве жылқы етінен жасалады екен. Ол көкөністермен маринадталған шикі ет немесе балық. Жақында бұл дәстүр де артта қалауы мүмкін.
Жапония. Жапония халқы бәрінен қажыған-ау шамасы. Оларда барлығы бар, сондықтан болар ерекше тағамдарды жеуді ұнатады. Басиси – жылқы етінен жасалған дәмді деликатес. Қымбат мейрамханаларда ұсынылады. Әрине, аралда жылқыны қалай бағады? Сондай-ақ қуырылған жылқы етінен «банику» және «багуши» кәуәбі дайындалады. Бірақ бұндай кәсіпті тек қалталылар ғана көтере алады.
Мұсылман елі – Индонезия да осы тізімнің ішіне кіретінін атап өткен жөн. Елдің тарихына терең үңілмесем де, олардың жылқы етінен дайындайтын «сате» дәстүрлі тағамын жақсы білемін. Сате барлық еттен дайындала береді, бірақ жылқы етінен жасалғаны деликатес болып саналады екен.
Америка және Австралия
Азия еліне қайшы Америкаға тоқталайық. Американың тарихы қызықты. Бұрынғы кезде Америка байырғы жылқыларға бай болған. Кейін табиғи апаттар салдарынан мүлдем жойылып кеткен. Ал еуропалық отарлаушылар қайтадан елге әкеліпті. Уақыт өте келе әкелінген жылқылардың басым бөлігі далаға қашып, жабайыланып, атақты мустанг ұғымы пайда болыпты. Үндістер жабайы жануарларды аулап, етімен қоректенген. Әрине еуропалық қоныстанушылар ұнатпады бұл әрекетті. Сондықтан болар, Америка елдерінде жылқы етін жеуге заңмен тыйым салынған.
Дегенмен құрлықта АҚШ-тан басқа Мексика, Аргентина, Бразилия, Уругвай сияқты елдер бар. Әлемдік нарықта еттің алуан түрін жеткізу олардың басты кәсіп көзі. Олар жылқы асырып, етін сатумен айналысады. Өздері тұтынбайды. Аргентиналық жылқы еті әлемде өте танымал.
Австралияда да жылқы етін жеуге тыйым салынған. Бірақ өндіріспен айналысуға шектеу жоқ.
Еуропа
Еуропаның дәстүрлері сан-алуан. Біркелкілік болмаған да, болмайды да. Жаңа дәстүр жылқы етін жеуді құптамайды, бірақ дәстүрдің аты дәстүр. Француздарды жылқы етін таңдап жейтіндер қатарына енгізеді. Бұл тақырып төңірегінде 1812 жылғы соғыс жайлы әңгіме бар. Олар қызыл етті жеуге майданда үйренген деседі. Расында, бір кездері Рим империясын талқандап, қазіргі Еуропаны құраған неміс варвар тайпалары жылқы етін менсінбеген. Ал бүгінде француздар жылқы етін деликатеске теңеп, қымбат мейрамханаларда «татар стейк» тағамын дайындайды. Ол шикі тартылған ет түрінде беріледі. Бұл денсаулыққа еш зияны болмағандықтан ерекше жеңсік асқа айналған.
Халқының басым бөлігін француздар мекендейтін Бельгия да жылқы етін тамсана жейді екен. Оның үстіне елде аталмыш дәстүр жақсы дамыған. Мұнда жылқы етінен шұжықтың түр-түрі дайындалады. Ет сол Аргентинадан жеткізіледі.
Қоғам қабылдамаса да, жылқы етін ұнататындар Германия мен Италияда да кездеседі. Мысалы, немістің қуырылған Sauerbraten тағамы жылқы етінен дайындалады. Бүгінде оған еттің басқа түрлері де пайдаланылады, бірақ дәстүрі осындай.
Италияда жылқы етіннен спагетти-болонез соусын дайындайды екен. Бірақ бұл құпия. Ал Веронада карпаччо мен тартар жасалады.
Иә, жылқы еті дәстүрлі австриялық бауыр ірімшігі Pferdeleberkäse үшін де қолданылады. Тағам Венада өте танымал. Әрі қарай айтуға болмайды.
Швейцариялық стейк те көбінесе жылқы етінен жасалады. Осылай дәмдірек. Алайда дәстүрді қоғам барынша ысыруға тырысып жатқан көрінеді.
Жалпы Еуропада жылқы етін жейді. Қымбат және аздап ұят болғаны болмаса. Румынияда қызылды жесеңіз темір тордың ар жағынан шығатыныңызды ұмытпаңыз. Сығандар да жылқыдан бас тартқан. Енді Ресейге көшейік.
Жалпы орыстар жылқы етін жемейді деген пікір қалыптасқан. Қиын кездері жемеске амалдары болмаған. Ал қазір жағдайлары жақсы, менсінбейді. Алайда елдің астанасында жылқы етінен тағамдар ұсынылады екен. Жақында ғана Хабибтің жаңа тағамға шолуын көрдім. Жылқы – дос ,оны жеу дұрыс емес дейді.
Ресейде орыстар ғана емес қой. Жақсы жылқы шұжығынан ешқашан бас тартпайтын татарлар мен башқұрттар бар. Олар өздері өндіріп, рахатын да өздері көреді. Махан, казылык сіздерге де таныс шығар.
Желі қолданушыларының айтуынша жылқы еті Якутияда да танымал екен. Елде жылқы шаруашылығы дамыған. Ет бағасы қолжетімді. Одан строганина, шұжық сияқты түрлі дәмді тағамдар әзірленеді.
Жалпы, Ресейде барлығы жылқы етін жейтін болды. Ол туралы айтыла бермейді. Жылқы етінен жасалған дәстүрлі тағам түрлерін таба алмадым, бір кездері болған шығар.
Осымен әңгіме аяқталды. Егер ұнаса, достарыңызбен бөлісіп, пікір қалдырыңыздар.