Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Айгүл Иманбаева «Болашақ» бағдарламасымен шетелге оқуға түсті
02.02.2023
2,5 пайыздық кредит қашан беріле бастайтыны айтылды
02.02.2023
Алматыда жаңа “Сергек-Патруль” 50-ден астам бұзушылықты анықтады
02.02.2023
Адамдарды kolesa.kz арқылы алдаған алаяқ ұсталды
02.02.2023
Прокурор журналист Махамбет Әбжанды 11 жылға түрмеге қамауды сұрады
02.02.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Жылқыны көлігімен басқан адам мен оның айналасындағы шу
Қоғам

Жылқыны көлігімен басқан адам мен оның айналасындағы шу

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 20.07.2022
Обновлено 20.07.2022 в 04:07
Поделиться
SMI24.kz
Поделиться

Әлеуметтік желілерде Алматы облысында жол талғамайтын көлік иесі жылқыны басып өлтіргені көрсетілген бейнежазба пайда болды. Видео қазақ аудиториясы арасында тез таралып, резонанс тудырды. Ит пен мысықтың өліміне сонша шулайтын жұрт неге жылқыны қасақана өлтіру ісіне үндемей жатыр деген де пікірлер айтылды. Полиция да, министр де, тіпті дала заңын орнатпақ болған жұртшылық та араласты. Бүгін біз осы даулы істің мән-жайына тоқталмақпыз.

Мазмұны
Даудың басы — Дайрабайдың көк… жылқысы«Ашуым келіп кетті»Министрлік тәрбие берумен айналыспайдыКек алуға ұмтылыс

Даудың басы — Дайрабайдың көк… жылқысы

Алматы облысы Іле ауданы Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны жол талғамайтын көлікпен ауылдасының жылқысын әдейі қағып кеткені белгілі болды. Бұл полиция қызметкерлеріне жануарларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғауға себеп болды.

Ведомствоның мәліметінше, бейнежазба 16 шілдеде Іле ауданы Междуреченское ауылында жасалған. Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай,

Междуреченское ауылының 38 жастағы тұрғыны ауылдастарымен жанжал кезінде автокөлігімен жылқыны қасақана қағып кеткен. Құқық бұзушы ұсталып, аудандық полицияға жеткізілді. Ол өзінің бақшасынан 20-ға жуық жайылып жүрген жылқыны шығаруға тырысқанын түсіндірді. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 316-бабында көзделген (жануарларға қатыгездік көрсету) қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық іс облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды.

«Ашуым келіп кетті»

Бір күн өткен соң әлеуметтік желілерде жануарды қағып кеткен жүргізушінің кешірім сұраған видеосы пайда болды. Ер адам өз әрекетін ашуға булыққаннан жасағанын айтады. Ер адам жылқылардың бақшасын қиратып кеткеніне қатты ашуланған.

Істеген ісім үшін кешірім сұраймын, жылқыны ауламда көлікпен басып кеттім. Бақшам бүлінгеніне жүйкем жұқарды. Жануардың иелерінен кешірім сұраймын. Әрине, бұл ісім қателік болды. Өз кінәмді мойындаймын, қашпаймын, сондықтан кешіріңіздер,

дейді ол видеода.

Артынша Алматы облыстық Полиция департаменті көлігімен жылқыны таптаған жүргізушіге қатысты іс екі тараптың (жылқы иесі мен жылқыны таптаған көлік иесі) татуласуымен аяқталды деп мәлімет берді.

Іле ауданы Междуреченск ауылының 38 жастағы тұрғыны зардап шеккен жылқының иесіне малдың құнын толық төлеген. Сондықтан күдіктіге қатысты іс тоқтатылды.

«Екі тараптың татуласуына байланысты күдіктіге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Ол жылқы иесіне келтірілген залалды толық өтеді. Жылқыны басқан автокөлік жүргізушісіне қатысты мал иесінің шағымы жоқ»,

деді департамент өкілі.

Көлік астында қалған жылқыны иесі сойып алуға мәжбүр болған.

Министрлік тәрбие берумен айналыспайды

Басқа уақытта дау осымен аяқталар ма еді. Алайда әлеуметтік желідегі жұрт мәселенің бұлай тыныш жабыла салғанына қанағаттанбады. Қазақта бұрыннан киелі саналатын жануарға қатыгездік көрсеткен ер адамды кешіре салумен көпшілік келіспеді. Экология министрінен түсінік талап етті. Көп ұзамай Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев те өз пікірін айтты:

Шынымды айтсам, бұл видеоны көрген жоқпын. Бұл жерде облыстың Ішкі істер департаменті (Полиция департаменті — еск.) анықтауы керек, бұл солардың жұмысы. Әңгіме жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасына қатысты болса, онда, әрине, ол үй жануарларын да қарастырады. Жылқы – ауыл шаруашылығы жануары, сондықтан олар жеке заңмен реттеледі,

деді Брекешев.

Министрдің айтуынша, флора мен фаунаға бала кезден ұқыпты қарауды қалыптастыру қажет.

Қоршаған ортаға, оның ішінде жануарларға деген көзқарасымызды өзгерту керек екені анық. Бұл жерде қоғамның тәрбиелік ролін, сана деңгейін жоғарылату қажет. Бұл мәселені жай ғана заң жобаларымен немесе заңнаманы үнемі қатайту арқылы шешу мүмкін емес. Бұл мәселені түбегейлі шешпейді, сондықтан сананы, оның ішінде бала кезден бастап өзгерту керек,

деді экология министрі.

Сондай-ақ, ол мұндай мәселелерді шешуде мемлекеттік органдардың функцияларын ажырату керек екенін де қосты.

Мұндай әрбір іспен министрлік айналыса алмайды. Жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция бөлімдері және т.б. бар. Бұл жерде орталық органдар мен жергілікті атқарушы органдардың функцияларын ажырата білу керек. (…)

Өкінішке қарай, мен бұл жағдайды көрмедім. Біздің қызметкерлер бұл мәселені бақылауға алды деп ойлаймын. Қалай болғанда да, мұндай жағдайдың бәрі тіркеледі. Осы жағдайлардың әрқайсы бойынша белгілі бір түсініктеме беріп, тиісті жұмыстар жүргізіп жатырмыз»,

деп түйіндеді сөзін Серікқали Брекешев.

Кек алуға ұмтылыс

Ал, бүгін белгілі болғандай, ауыл тұрғындары жылқыны басқан тұрғынның үйіне келіп, қоқан-лоқы көрсеткен.

Тағы да әлеуметтік желілерде пайда болған видеоға сүйенсек, 100-ге жуық адам үйді өртеп жібереміз деп қорқытқан.

Балалар үйді біреулер айналып жүргенін естіпті, әзірге үйдің қоршауы жоқ, терезені қағып, тас лақтырып, есіктерді қаға бастады. 100-ге жуық адам болды. Қазір бәрі жақсы, бірақ адамдар кетіп бара жатып, үйді өртеп жібереміз деп айғайлады, —

дейді жазба авторы.

Мұндай оқиға болғанын Алматы облысы Полиция департаменті де растады.

Үйлердің бірінің жанына жергілікті тұрғындардан шамамен 20-25 адам жиналды.
Хабарлама аудандық полицияның кезекші бөліміне келіп түскеннен кейін оқиға орнына дереу патрульдік полиция наряды мен Іле АІІБ басшылығы шықты. Келген полиция қызметкерлері жиналғандармен түсіндірме әңгіме жүргізді, содан кейін бәрі үйіне тарады,

деді құқық қорғау органдары қызметкерлері.

Әлеуметтік желіде осы видеоның астында жазылған пікірлерде қоғам екіге бөлінді. Бірі ұлттық намысты қорғауға шыққандар мен жануардың киесі туралы әңгіме өрбітсе, басқалары бәрі заңмен шешілуі тиіс және шошып қалған балалардың еш кінәсі жоқ деген пікірде.

ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 20.07.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Айгүл Иманбаева «Болашақ» бағдарламасымен шетелге оқуға түсті
  • 2,5 пайыздық кредит қашан беріле бастайтыны айтылды
  • Алматыда жаңа “Сергек-Патруль” 50-ден астам бұзушылықты анықтады
  • Адамдарды kolesa.kz арқылы алдаған алаяқ ұсталды
  • Прокурор журналист Махамбет Әбжанды 11 жылға түрмеге қамауды сұрады

Недавние комментарии

  1. Жұбаныш Айтжанов к О, тоба! Қазақтың билігі шпиондардың қолында ма?

Вам также может понравиться

Қоғам

Алматыда жаңа “Сергек-Патруль” 50-ден астам бұзушылықты анықтады

02.02.2023
Қоғам

Адамдарды kolesa.kz арқылы алдаған алаяқ ұсталды

02.02.2023
Қоғам

Прокурор журналист Махамбет Әбжанды 11 жылға түрмеге қамауды сұрады

02.02.2023
Қарағанды әуежай
Қоғам

Қарағанды әуежайына 81 миллион теңге айыппұл салынды

02.02.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?