Жын шығару – Өзбекстанда кең тараған көрініс. Кейде науқастарға физикалық күш қолданып, оны сабайды. Мұндай видеолар әлеуметтік желіде көп.
Ташкент облысында осындай оқиға қайғымен аяқталды. Екі адам 42 жастағы әйелді «жын шығару» кезінде өлтіріп алған, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
Аккурган аудандық соты оларды «Алаяқтық» және «Байқаусызда адам өлтіру» баптары бойынша кінәлі деп тапты. Олардың бірі үш, екіншісі екі жыл алты айға еркінен айырылды.
Оқиға 2023 жылдың жазында болған. Елірген әйелді шынжырмен сабаған. Әйел алған жарақатынан көз жұмған.
Сот-медицина сараптамасы нәтижесі бойынша, әйелдің қабырғалары сынып, органдары жарылып, қан кетіп, қаза болған.
Өзбекстанда «жын шығару» кезінде адам өлімі осыған дейін де тіркелген.
Соңғы кездері «жын шығару» ісін әлеуметтік желі арқылы көп жарнамалайды. Қызметі кемінде 200 АҚШ доллары тұрады.
Тіптен әлеуметтік желі арқылы қатерлі ісік, қант диабеті, вирустық гепатит т.б. ауруларды тез емдейміз деген де жарнама көптеп жарияланады.
Сарапшылар Өзбекстанда сапалы медициналық қызметтің жоқтығы, елдің күмәнді ырымдар арқылы емделуге апарады.