Бірінші қаңтардан бастап ауыр, зиянды жұмыста істейтін азаматтар арнайы әлеуметтік төлем ала бастайды.
Оның көлемі орташа есеппен 208 мың теңге шамасында болады. Төлемге қол жеткізу үшін жұмысшы 55 жасқа толған және кемінде 7 жыл міндетті зейнетақы жарнасы болуы шарт.
Қазір тиісті заң жобасын Мәжіліс мақұлдап, Сенат қарауына жолдаған, деп хабарлайды Qazaqstan.tv
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қазір елде осы санаттағы 685 мың азамат барын айтады.
Мысалы бір ғана «АрселорМиттал» компаниясында 3400-ге жуық адам арнайы төлеммен зейнетке шыға алады. Сондай-ақ министр экономиканың әр саласында істейтін 2225 мамандық иесінің жұмыс орны «зиянды» екенін айтты.
Зейнет жасына дейін төленеді бұл төлемдер. Одан кейін бұл төлемдер тоқтатылады, 63-ке жеткенде ол азаматтарға базалық зейнетақы, ынтымақтастық зейнетақы жүйесі тағайындалып, төленетін болады. Қазір қолданыстағы методология бойынша төлемдердің мөлшері 70 пайыздан төмен болмауы керек, ең төмен күн көріс деңгейінен,
деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.