Көк паспорттың қадірі кетті.
Александр Зуев есімді футболшы азаматтығымызды алып, кәдімгідей қуанып жатыр.
Бұған дейін Ресей азаматы болды. Ал оған дейін Қазақстан азаматы болды.
Түсіндірейін, Александр негізі Қостанайда дүниеге келген. 2010-шы жылдары біздің төлқұжаттан бас тартып, көрші елдің паспортын алды. Енді қазір, керісінше,
көрші елдің паспортынан бас тартып, біздің төлқұжатты алып жатыр.
Елімізде оны құшақ жая қарсы алып, бірден ұлттық құрамадан орын тауып берді.
- Сонда біздің мемлекет проходной двор ма?
- Керек емес кезде кете салады.
- Керек кезде келе салады.
Көк паспортымыз үнемі осылай кім көрінгенге беріле береді.
Бұған дейін шеттен келгендерді легионер деп, азаматтық беру-бермеу мәселесін көтеріп жүрдік. Ал, бұл шетке тайып тұрып, шеттен қайта келген ғой. Оған неге береміз? Біреу осы жайлы ойлады ма?
Қоғамның пікірін сұрады ма? Футбол футболымен, идеология, патриотизм, принцип дегендер қайда?
Кім көрінген келеді де, өзіміздің жігіттердің жолын жауып, ұлттық құрамадан ойып тұрып орын ала бере ме?
Сұрақ өте көп.
Бірақ, Александр Зуевқа да, отандық футболға жауаптыларға да бәрібір. Білгендерін істей береді,
деп күйініп отыр желіде Аслан Қаженов.