Алдын ала анықталған мәлімет бойынша, оқиға бір топ жергілікті тұрғындар арасында болған, деп хабарлайды, КТК телеарнасы
4 тамыз күні сағат 16:20-да Ұзынағаш ауруханасына оқ тиген үш адам түскен. Оның біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қақтығыс Алматы облысы Ұзынағаш ауылында бір топ жергілікті тұрғын арасында орын алған.
«Полиция бірден мән-жайды анықтап, аталған қылмысқа қатысы бар адамдарды іздеуге кірісті. Қазір оларды ұстау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», — делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.