Алматы облысының Ұзынағаш ауылында жас жігіттің өліміне қатысы бар деген күдіктілерге сот санкциясы арқылы іздеу салынады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Алматы облысы Полиция департаменті мына азаматтарға іздеу салады:
- Қозыбаев Ғани Мұратұлы – 31 жаста, ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары (Адам өлтіру) және 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша;
- Асқар Жәнібекұлы Тыныштықов – 30 жаста, ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары (Адам өлтіруге оқталу), 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыстар жасады деген күдік бойынша;
- Серікбол Мұратбекұлы Шөкенов – 30 жаста, ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағы (Атыс қаруын қолдана отырып бұзақылық жасау) бойынша қылмыс жасады деген күдік бойынша;
- Нұрсұлтан Бақтиярұлы Әукенов – 30 жаста, ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Атыс қаруын қолдана отырып бұзақылық жасау) бойынша қылмыс жасады деген күдік бойынша іздестіріліп жатыр.
Назар аударыңыз! Іздеу! Алматы облысының полициясы іздестірілуші туралы мәліметтері бар барлық адамға мына телефондар бойынша хабарлауыңызды сұрайды: +7 701 500 08 47, +7 700 200 07 88, +7 702 717 77 17, +7 707 738 78 78, +7 72770 2 26 02 немесе 102,
делінген департамент хабарламасында.