15 қараша – ұлттық валюта күні: қызықты деректер

Теңге айналымға 29 жыл бұрын енгізілді.

Еліміздің төл валютасы туралы жарлық 1993 жылы 12 қарашада шықты. Үш күннен соң, 15 қарашада айналымға енді. Таңғы 08:00-ден бастап кеңестік рубльді теңгеге айырбастау басталды.

Теңгенің  ең алғашқы дизайны қалам, калька және тушь арқылы салынды, өйткені әрлеушілердің қолында бұдан басқа ешқандай құрылғы болмаған.

Алғашқы теңге Лондонда, Harrison & Sons фабрикасында шығарылды. Өйткені елімізде ақша басатын фабрика болған жоқ. Алғашқы ақшаларды Лондоннан Қазақстанға жеткізу үшін 18 әуе сапары жасалды, ал 8 күннің ішінде қазақстандық банктарға бөліп берілді. Ал алғашқы қазақстандық монеталар Германияда жезден және никель күмістен жасалды.

Ақша басып шығаратын өз фабрикамыз 1995 жылы ашылды. 2011, 2012 және 2013 жылдары теңге банкнотасы әлемдегі ең үздік қағаз ақша ретінде танылды.

Теңге — жалған ақша жасаушыларға қарсы тұра алатын, әлемдегі ең қауіпсіз валюта. Себебі 17 қорғаныс дәрежесіне ие: сутаңба, қауіпсіздік жіптері, мөлдір терезе, ультрафиолет қорғанысы, сериялық нөмірлер, сәйкес кескіндер. Америкалықтар теңгенің технологиясына сүйеніп, доллар қауіпсіздігін күшейткен. Доллардың тарихы XVIII ғасырдан бастау алады.

1993-1998 жылдар аралығында шыққан теңгелер:

1 теңгеге әл-Фарабидің бейнесі, екінші бетіне әл-Фараби атамыздың геометриялық құрылымдары мен формулалары салынды.

3 теңгеге ақын Сүйінбай Аронұлының портреті, екінші бетіне Іле Алатауының бейнесі салынды.

5 теңгеге күйші Құрманғазы Сағырбайұлының, екінші бетіне мавзолей кешенінің бейнесі салынды.

10 теңгеге ғалым Шоқан Уәлиханұлының, келесі бетіне Оқжетпес тауының бейнесі салынды.

20 теңгеге Абай Құнанбайұлының портреті салынды. Екінші бетінде құсбегінің бейнесі болды.

1993 жылғы үлгідегі 100 теңгелік банкноттың бірінші бетіне Абылай ханның, екінші бетіне Қожа Ахмет Ясауи кешенінің бейнесі салынған.

Теңге дизайнын дайындау жетекші Тимур Сүлейменов және дизайнерлер Меңдібай Алин, Досбол Қасымов және Ағымсалы Дүзелханов бар авторлық ұжымға тапсырылды.

Теңге атауы қалай шықты?

Таңдау барысында дау болып, «алтын», «ақша», «таньга» («тенга») нұсқалары ұсынылған.

Қазақстан валютасын «сом» деп атау да жоспарланды.

Алайда 1993 жылы Қырғызстан қырғыз сомын енгізгеннен кейін «теңге» атауы қабылданды. Ортағасырлық түркі күміс монеталардың «денге», «танга» деген тарихи атауы болған. Атауды академик Сауық Тәкежанов ұсынды. Жүз есе бөлігін «тиын» деп атады.

Ұлттық валютаның өз символы бар (〒).

Қазақстан теңге сарайы 1992 жылы Өскемен қаласындағы Үлбі металлургия зауытының базасында құрылды.

Қазір Алматыда Банкнот фабрикасы жұмыс істеп тұр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

2 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

2 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

2 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

2 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

3 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

3 дня ago