Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда ең жоғары айлықты кімдер алып жүргені туралы мәлімет ұсынды.
2021 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары жалақыны «Азаматтық құрылыс» саласының басшысы алған – 4,5 млн теңге.
Сондай-ақ мұнай-газ өндіру саласының директоры мен көтерме және бөлшек сауда, автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеу саласындағы инвестициялық жобалардың жетекшілерінде 3,9 миллион теңге болып белгіленді.
Ең жоғары айлықтың көлемі 3,9 млн теңгеден басталады десек, оны алатындардың еңбекке жарамды халықтың ішіндегі үлесі 0,1 пайызға да жетпейтін көрінеді.
2021 жылғы зерттеу қорытындысы бойынша зерттеуге қатысатын адамдардың жалпы санынан 3,9 млн теңгеден астам жалақыны 0,1% төмен адам алды. 275 мың теңгеден астам жалақыны 28,4% адам алды,
деп жазады Ұлттық статистика бюросының мамандары.
Бұған дейін бюро қазақстандықтардың орташа жалақысы 312 мың теңгеден асқаны туралы мәлімет таратқан еді.
Ең жоғары орташа айлық Атырау (506 мың теңге), Маңғыстау (459 мың теңге) облыстары мен Нұр-Сұлтанда (393 мың теңге) тіркелген.