Фото: Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі
Америкалық режиссер Оливер Стоун Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильм түсірген еді. Оны бұрынғы президент қоры қаржыландырған. Бұған дейін фильмді кім қаржыландырылғаны айтылмай келді.
Бұл туралы Vlast.kz хабарлады.
Ал Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы фильмді қолдау үшін делдал болған. Мұны орталықтың өзі растады.
Оливер Стоун Нұрсұлтан Назарбаев қорларының бірінің ақшасына фильм түсіргені туралы бірінші болып тамыз айы соңында журналист Михаил Козачков хабарлады. Ол фильм түсірілімі туралы келісімшарттың көшірмесін ұсынды.
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы (ҰКҚМО) Vlast сауалына жауап ретінде 2019 жылғы 5 желтоқсанда Елбасы қорымен «»Оливер Стоун деректі фильмі – Қазақстан» жұмыс атауымен фильмді шығаруды, көрсетуді және таратуды ұйымдастыру қызметтері бойынша оператор ұсыну туралы» келісім жасасқанын растады. Келісімшарттың жалпы сомасы — 7 миллион АҚШ доллары.
Келісім шарт бойынша «ҰКҚМО» КЕАҚ 1 937 400 теңге (немесе 5 миллион АҚШ доллары) көлемінде аванстық төлем алды. Бұл соманы «Глобал 3 Пикчерз Инкорпорейтед» компаниясына төледі, бұл компаниямен «ҰКҚМО» КЕАҚ «Оливер Стоунның деректі фильмі – Қазақстан» жұмыс атауымен фильм түсіру бойынша қызмет көрсету туралы келісім жасасқан,
деп хабарлады Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы.
Орталық мәліметіне қарағанда, 2020 жылғы 12 тамызда бірінші президент қоры мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталық арасындағы келісімшарт бұзылған.
Талап ету (цессия) құқықтарын басқаға беру туралы шартқа сәйкес, қалған міндеттемелерді «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» өз мойнына алды,
делінген жауап хабарламасында.
«Нұрсұлтан Назарбаев қоры» — былтыр таратылған Тұңғыш президент қорының мұрагері. Олар Vlast-тың фильм түсірілімі туралы сауалдарына жауап бермеді.
Оливер Стоун өзінің 8 сериялы «Qazaq: Алтын адам хикаясы» фильмін былтыр таныстырды. Бірақ түсірілімді кім қаржыландырғаны туралы сұраққа жауап бермей қойды. Экс-президентпен сұқбат форматында түсірілген фильмде Қазақстан үшін қандай да бір түйткілді тақырыптар ескерілмеген, ал режиссердың өзі жұмысының біржақты екені туралы сынды жоққа шығарды.
Фильм премьерасы бұған дейін 1 желтоқсанда аталып өтілетін Тұңғыш президент күніне орайластырылды. Оны екі мемлекеттік және Назарбаев қорына тиесілі бір арна көрсетті.
Оливер Стоун «Оскар» сыйлығын үш рет алған. Кейінгі жылдары өз елінде адам құқықтарын басып-жаншуымен танымал саяси көшбасшылармен сұқбаттан тұратын фильмдер түсіріп жүр.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…