7 жылдық президент мерзімі: өзгеріс алдағы сайлауға дейін енгізіледі

Биылғы жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев президент мандатын қайта сайлану құқығынсыз 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынған еді. Бұл өзгеріс алдағы күздегі президент сайлауына дейін енетін болды.

Президенті әкімшілігі басшысы орынбасары Ержан Жиенбаевтың Конституцияға түзетулерге қатысты түсіндірме жариялады.

Мәжіліс депутаттары бұл түзетулерді Конституцияға енгізу мәселесін жеделдетуді ұсынды. Олардың пайымдауынша, жаңа нормаларды президент сайлауына дейін қабылдаған жөн. Әйтпесе, Конституцияның қазіргі ережелері бойынша осы күзде президент болып сайланатын адамға 7 жылдық мерзімге қайта сайлануға мүмкіндік беретін заңды жағдайлар туындауы мүмкін.

Осыған байланысты, Мәжіліс депутаттарының ұсынысымен тиісті Заң жобасы әзірленді.

Заң жобасында Президент өкілеттігінің 7 жылдық мерзімі туралы және оның бір реттен артық сайлана алмайтыны жөніндегі нормаларды кейін өзгертуге жол бермейтін ереже енгізу де көзделген. Бір адамның бір рет қана сайланатыны туралы норма Конституцияға енгізілетін түзету күшіне енгеннен кейінгі президент сайлауында мемлекет басшысы болып сайланатын адамдарға қолданылатын болады,

дейді Ержан Жиенбаев.

Конституцияға түзетулер алдағы сайлауға және президент жеті жылдық мерзімге сайланғанға дейін қабылданса, осы жолы президент атанатын азамат үшін және одан кейінгі барлық мемлекет басшысы үшін президент сайлауына қайта қатысу мүмкіндігі заң арқылы шектеледі.

Президент өкілеттігінің жеті жылдық мерзімі белгіленуіне байланысты осы заң жобасында Конституциялық сот судьяларының қызмет мерзімін 6 жылдан 8 жылға ұзарту ұсынылды. Олар да бұл лауазымға қайта тағайындалмайтын болады. Әлемнің көптеген мемлекетінде Конституциялық сот судьяларының өкілеттік мерзімі оларды тағайындайтын тұлғалардың, яғни президенттің және парламент депутаттарының өкілеттік мерзімінен ұзағырақ болады,

делінген Президент әкімшілігі таратқан хабарламада.

Конституциялық сот судьяларының өкілеттік мерзімі олардың түрлі саяси күш ықпалынан тәуелсіз болуына басты кепілдік болып саналады.

Ержан Жиенбаевтың айтуынша, Конституциялық сот 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастайды. Сондықтан оның судьяларының өкілеттік мерзімін ұлғайту туралы шешімді қазірден-ақ қабылдаған жөн.

Конституцияның 91-бабы, 3-тармағы бойынша заң жобасы Конституциялық Кеңеске жолданды.

Кеңес Негізгі заңға енгізілгелі отырған түзетулердің Конституцияның 91-бабы, 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігіне қорытынды береді.    

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында биыл кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеген еді. Кейін президент және парламент сайларына қанша сома жұмсалатыны белгілі болды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago