Психотерапевт Жібек Жолдасова қарт адамдарды Альцгеймер ауруына тексеру нәтижесі туралы айтып берді.
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Альцгеймер ауруына зерттеу жүргізіліп жатыр. Егде жастағы адамдар арасында 450 тест өткізілді және нәтижелері көңіл көншітпейді… Түгелге жуық ауылда Альцгеймер ауруы бар адамдар анықталды.
Бір қызығы, бұрын мұндай ауқымды тестілеу жүргізілмеген. Енді ауданның кез-келген тұрғыны өзінің ауруға бейімділігі туралы біле алады.
Еңбекшіқазақ ауданы осындай үлкен істі бастағанына өте қуаныштымын! Алда әлі мыңдаған тест жасалғалы тұр және біз үлкен еліміздің кішкентай аймағында деменцияның нақты көрінісін көреміз. Осы жобаны үнемі қадағалап отырғаны үшін аурухана басшылығына үлкен рахмет!
деді Жібек Жолдасова.
Ол сондай-ақ, Есік қаласындағы аурухана деменцияға қарсы препараттарды бүкіл ауданға сатып алып жатқанын және ауылдарға тарататынын атап өтті.
Барлық елді мекендердің дәрігерлері деменцияны емдеуді қажет ететіндердің барлығын қамтамасыз етеді. Әрине, медицина қызметкерлерінің барлығы қызығып, бұл іске белсене кірісті дей алмаймыз, бірақ біреуі қызыққан соң екіншісін де тартатыны сөзсіз,
деп есептейді психотерапевт.