City Bus ЖШС компаниясы Алматыда екі автобустың соқтығысуынан зардап шеккендерге көмек беретінін мәлімдеді.
Компания директоры Егор Жиглов автобустардың бірі олардың автопаркіне тиесілі екенін растады.
Кеше қаламыздың тұрғындары Абылай хан даңғылы мен Төле би көшесі қиылысында жол-көлік оқиғасының куәгері болды. Апатқа ұшыраған автобустардың бірі біздің компанияның балансында және жолаушылар мен багажды тасымалдаудың №98 тұрақты қалалық бағытына қызмет көрсетеді,
деді Жиглов.
Тасымалдаушы компания зардап шеккендер мен марқұмның отбасына көңіл айтып, тергеу нәтижесін күтпей-ақ апаттан зардап шеккен адамдарға барлық көмекті беруге дайын екенін айтты.
City-bus ЖШС атынан және жеке өз атымнан қайғылы жағдайға байланысты марқұмның отбасына көңіл айтамын. Сондай-ақ, осы апатта зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Біздің компания тергеу нәтижесін күтпей-ақ зардап шеккендер мен марқұмның отбасына барлық қажетті көмекті көрсетуге дайын. Қазіргі уақытта жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, оған толық қатысып, зардап шеккендердің тізімі мен олардың жағдайын анықтап жатырмыз,
— деді Егор Жиглов.
Еске салайық, 8 қарашада Алматыда екі автобус қақтығыысып, салдарынан адамдар жарақаттанды, бір адам қаза тапты.