Фото: Polisia.kz
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) отандық пенитенциарлық жүйені метаәлемге көшіретін жоба жариялады. Онда ойыншының басты мақсаты келіп түскен сотталғандарды түзету болады.
Жоба анонсы жыл сайын 18 шілдеде атап өтілетін Нельсон Манделаның туған күніне орай жарияланды, деп хабарлайды Polisia.kz. Ведомство ойын жүйесі блокчейн технологияларына негізделетінін айтты. Қолданыстағы құралдарды пайдаланып, оларды біріктіре отырып, ойыншы түзетілген сотталғандар түрінде токен алады. Токен деңгейі ойыншының өзіне ұсынылған құралдарды қаншалық дұрыс таңдағанына байланысты болады.
Ойыншыға қылмыскер түрінде бастапқы токен сатып алу ұсынылады. Ойын кезінде токен заңға бағынатын азаматқа айналады. Токен деңгейі ойыншының өзіне ұсынылған құралдарды қаншалық дұрыс таңдағанына байланысты болады. Мысалы, сотталушының жеке басын зерттеу немесе қауіптер мен қажеттіктерді бағалау арқылы анықталады. Ары қарай ойыншы түрлендірілген токенді шын ақшаға айырбастай алады немесе оны ойын процестеріне жұмсай алады,
деді ведомствода.
Ойынды жалпы бәрі бета-тестілеу аяқталғаннан кейін ойнай алады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…