Америкалық Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) статистикасы бойынша Қазақстан қызылша дертін жұқтырудан әлем бойынша үшінші орында.
Рейтингте бірінші орында — Йемен, ал екінші орында — Үндістан. Ал бізден кейін Эфиопия мен Пәкістан.
Бұл антирейтингте биылғы мамырдан қазанға дейінгі жағдай айтылған. Ал қазір жұқтырғандар саны 20 мыңнан асып кетті.