Қазақстандық дәріханалар арзан дәрілерден бас тартты. Оның ішінде фуратонин, андипал, деолозин, ибуфен және т.б. бар.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының мәліметінше, аталған дәрілерді әкелу тиімсіз. Олардың бағасы 50 теңгеден 1000 теңгеге дейін. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен олардың шекті сауда бағасы белгіленген.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин айтты.
Арнайы i-teka сайты бар. Жақында сайттан диазолин бойынша ақпаратты қарадық. Оның әртүрлі дозалары бар екен. Бірақ көтерме және бөлшек сауданың бағаларын біз жылына екі рет қараймыз. Қазір бұл жұмыс аяқталды. Бұйрық монополияға қарсы департаментке жіберілді. «Атамекен» ҰКП-да және бизнес құрылымдармен келіссөздер жүргізіліп жатыр
Әділет министрлігі бекіткен соң, ол өз күшіне енеді. Дәрі-дәрмектердің шекті бағалары қайта қаралады.