Биылдан бастап құрметті марапаттар қатарына «Қазақстанның халық жазушысы» қосылды.
«Қазақстанның халық жазушысы» атағына белгілі қаламгерлер – Төлен Әбдікұлы, Смағұл Елубай, Бексұлтан Нұржекеев, Софы Сматаев, Ахметжан Аширов, Любовь Шашкова ие болды.
Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай бірнеше адамды марапаттады.