Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Қазақ зергерінің әшекейін Иордания патшасының әйелі тағып жүр
24.09.2023
Түркістандық шаруалар банан мен папайя өсіреді
24.09.2023
Оңтүстік Кореяда мұғалімдерді ата-аналардың қорлауынан қорғайтын заң қабылданды
22.09.2023
Ақтау әкімінің орынбасарына 483 мың теңге көлемінде айыппұл салынды
22.09.2023
Ер адам бұрынғы әйелінің құлағы мен мұрнын кесіп тастаған
22.09.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > Балабақшада кәрізге түсіп мерт болған баланың анасы тың деректермен бөлісті
Оқиға

Балабақшада кәрізге түсіп мерт болған баланың анасы тың деректермен бөлісті

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 15.09.2023
Обновлено 15.09.2023 в 10:09
Поделиться
Поделиться

Алматы облысында үш жасар бала балабақша аумағындағы кәріз құдығына құлап, көз жұмған. Марқұмның анасы оқиға туралы айтып берді. Астана арнасының хабарлауынша, үш жасар Заңғар ойын алаңында достарымен ойнап жүріп, күтпеген жерден жоғалып кеткен.

Кәріз люгінің түбінен табылған кезде ол әлі де дем алып жатты. Бірақ ауруханаға жеткенше көз жұмыпты. 

Қайғылы оқиға Қырбалтабай ауылындағы балабақшада болды.

Олар маған хабарлады да, байланыстан ажырап кетті. Мен келгенімде ол енді тыныс алмады. Олар кәріз жабық болды деп сендіреді. Бірақ бұған сенбеймін. Олардың айтуынша, люкті ашқанда, ұлым ол жерде болмаған. Тек үшінші рет ашқанда табылыпты. Менің ойымша, ол бірнеше сағат бойы сонда жатты,

деді баланың анасы Ақбота Сатқынбаева.

Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі бала құлаған сәттен бастап ол табылғанға дейінгі уақыт 23 минуттан аспады дейді. Балабақша меңгерушісі оқиғадан кейінгі күні жұмыстан шығарылды.

Білім бөлімі басшылығының бұйрығымен меңгеруші жұмыстан босатылды. Осы оқиғаға қатысқандардың барлығы, соның ішінде тәрбиеші кешеден бастап жұмыстан босатылды. Люк жабық болды. Кеше өзім келдім, көрдім,

деді Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімінің бас маманы Зарина Бөлекбаева.

Мерт болған баланың туыстары люк осыған дейін жабық болды дегенге сенбейді. Олар құдықтың қайғылы оқиғадан кейін ғана жабылғанына сенімді.

Осыдан кейін кәріз құдығының қадай екенін көруге келдік. Барсақ, ол қайнатылған. Жаңа қайнатылғаны көрініп тұр. Бұған дейін ол ашық болған. Үш жасар бала оны өзі аша алмайды, өзі сол жерге бара алмайды. Оны қоршау керек еді. Мұнда жұмыс істейтіндердің бәрі – тәрбиешілер, менеджер, бәрі кінәлі. Егер немқұрайлылық танытпаса, мұндай жағдай болмас еді,

деді Заңғардың атасы Әкімқожа Ынтымаев.

Қазір бұл оқиға бойынша полицейлер тергеу жүргізуде. Бақылау камераларынан бейнежазбалар тәркіленді. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Оған кінәлілер бес жылға дейін түрмеге жабылады.

Ал кішкентай Заңғар 14 қыркүйекте жерленді.

Бұған дейін Алматы облысында үш жасар бала балабақшада кәріз құдығына түсіп, көз жұмғаны хабарланды.

Анара Бауыржанқызы 15.09.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Қазақ зергерінің әшекейін Иордания патшасының әйелі тағып жүр
  • Түркістандық шаруалар банан мен папайя өсіреді
  • Оңтүстік Кореяда мұғалімдерді ата-аналардың қорлауынан қорғайтын заң қабылданды
  • Ақтау әкімінің орынбасарына 483 мың теңге көлемінде айыппұл салынды
  • Ер адам бұрынғы әйелінің құлағы мен мұрнын кесіп тастаған

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Жемқорлық

Ақтау әкімінің орынбасарына 483 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

22.09.2023
Оқиға

Ер адам бұрынғы әйелінің құлағы мен мұрнын кесіп тастаған

22.09.2023
Оқиға

Талғар ауруханасында зардап шеккен дәрігерлер туралы жаңа дерек шықты

22.09.2023
Оқиға

Шымкентте ауруханада науқас дәрігерлерге шабуыл жасады

22.09.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?