Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда IT қызметінің көлемі тұрақты өсіп келеді
26.09.2023
Хиджабқа жол берсек, Ауғанстаннан нашар ел боламыз – жазушы
26.09.2023
Атырау әкімдігінің бұрынғы басшылары ұсталды
26.09.2023
Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады
26.09.2023
Шымкентте анасы мен қызы қылмыс үстінде ұсталды
25.09.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Тарих > «Букреев шыңы» — Алматыдағы ең танымал таулардың бірі
ГалереяТарих

«Букреев шыңы» — Алматыдағы ең танымал таулардың бірі

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 18.09.2023
Обновлено 18.09.2023 в 12:09
Поделиться
Фото: instagram.com/_t_manarbekovna_
Поделиться

Ең танымал таулардың бірі 3010 метр биіктікте орналасқан. 2007 жылға дейін бұл шың Пионерский деп аталып келді. Кейін белгілі Гималайдың қар барысы есімі берілді.

Анатолий Букреев өзін әлем азаматы деп атайтын. Онысы дұрыс та шығар: Оралда туып, Қазақстанда тұрды, Америкада жаттықты, бірақ дегенмен де көп уақытын Непал тауларында өткізді.

1997-1998 жылдың қысында Букреев теңіз деңгейінен 8078 метр биіктіктегі Аннапурна шыңына шығуды жоспарлаған. Ол оны бағындыруға итальяндық альпинист Симоне Моромен бірге барған. Олармен бірге көтерілудің барлық кезеңдерін бейнекамераға мұқият түсірген қазақстандық оператор Дмитрий Соболев келді.

1997 жылы 25 желтоқсанда экспедиция мүшелері маршрутты өңдеу мақсатында кезекті сапарға шықты. Үшеуі де қажетті жұмыстарды аяқтап, базалық лагерьге демалуға оралды. Түсу кезінде олардың үстіне қар карнизі құлап, үлкен күштің кенеттен қар көшкінін тудырды. Әп-сәтте ол экспедицияның үш мүшесін де сыпырып әкетті. Топта соңғы болған итальяндық Моро аман қалды. Қар көшкіні оны 800 метрдей сүйреп әкетіп, ол ауыр жарақат алған, бірақ көмек шақыру үшін базалық лагерьге өз бетімен жетіп үлгерді. Соболев пен Букреев сол жерде қайтыс болды.

2023 жылы 16 қаңтарда Букреевтің жасы 65-ке толар еді. Анатолий Николаевич – шыңға өрмелеуші альпинист, спортқа еңбегі сіңген шебер, «Қар барысы» атағының иегері, ғаламшарымыздың 14 тауының 11-ін және Эвересттің өзін төрт мәрте бағындырған! Ол әлемге әйгілі аңыз адам, оның Эверестке шығу сапарларының бірі Балтазар Кормакураның голливудтық «Эверест» фильмінің шығуына сеп болды.

Анатолий Букреев – «Жеке ерлігі үшін» орденінің кавалері (1989), өз өміріне төнген қауіпке қарамастан, тауда адамдарды құтқарған альпинистерге табысталатын Америка альпклубының ең жоғарғы марапаты – Дэвид Соулс медаліне лайық деп танылған (1997), дүниеден озғаннан кейін қазақстандық «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған (1998).

Фото: e-history.kz

Тау – менің өз амбициямды қанағаттандыратын стадион емес, олар – менің дініме құлшылық ететін ғибадатхана.

Маршрут Бутаков шатқалынан басталады. Асфальт төселген жолдың соңына дейін көлікпен жетуге болады. Әрі қарай Бутаков сарқырамасына апаратын жолмен жоғары қарай жүресіз. 1 км кейін «Букреев шыңы» белгісіне тап боласыз.

Ол сол жаққа апарады. Өзенді кешіп өтіп, шатқалға жетесіз, әрі қарай орман асуы шығады. Шыңға жету жолы жаз айларында ерекше көрініс береді. Жарқырап өсіп тұрған жасыл ағаштар ыстық күннен қорғайды. 9 км бағындырып, 1000 метр биіктікке көтерліген соң үстіртке тап боласыз.  Үстірттің ортасында кішкене жартас болғандықтан, бұл жерді «Үміт шыңы» деп атап кеткен. Үстірттен шың айқын көрінеді.

Шамамен 1 сағаттан соң шыңға да жетесіз. Жол жотаның бойында болғандықтан, қатты жел соғып тұрады. Сондықтан өзіңізбен жылы киім ала шыққаныңыз жөн.

Букреев шыңының етегінде кішкене қорғаныш үйшігі орналасқан. Оның ішінде екі төсек пен шәйнек бар. Суық күнде қалып қойсаңыз, жылынып, түнеп те шығуға болады.

Таудың шыңында қоңырау орнатылған.  Дәстүр бойынша, қоңырауды ұрып, дыбыс шығару – тауға шығатын барлық альпинистер мен туристерге құрмет көрсету болып табылады.  

Екінші рет шығуым. Бұл мен сияқты енді бастап жүрген адамға оңай болған жоқ. Бар жоғы 20 км бағындырдық. Шыңдарды бағындыру үшін ең алдымен ниет керек, сосын толық жабдық керек. Ыңғайлы рюкзакқа күннен қорғайтын кремнен бастап, ішетін суыңды міндетті түрде алу керек. Тауға оп-оңай барып келемін деп ойлау- қате. Биіктікке көтерілу мен түсу кезінде құлап, жарақат алмас үшін арнайы табаны қатты аяқ киім киген дұрыс. Аяққа салмақ түспес үшін, қолдарыңызға таяқша алу керек, ол ең алдымен тірек болады. Кішкене қуаттанып алу үшін жейтін тәтті немесе бутер сияқты жеңіл тамақ алу керек.       

Көтерілу оңай емес. Таңның атысымен шыңсаңыз, кешке таудан түсесіз. Жазда шыңға дейін күн ыстық болады, ал дәл сол шыңда тұрғанда желдің суығы соншалықты, миыңнан өтіп кетердей әсер береді.

2023 жылдың 18 қаңтарында Медеу шатқалында  Анатолий Букреевтің мүсіні орнатылды. Мүсінде альпинист тынығып отырған қалыпта бейнеленген. Бұл – жаңа шыңды бағындырар алдындағы шағын үзіліс, альпинист қазір ғана жүріп өткен жолына көз тастап, жартастың шығыңқы бетінде отыр. Қолымен мұз шапқышына сүйенген.

   

ТЕГи: Қазақстан, Руханият
Сая Манарбековна 18.09.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Қазақстанда IT қызметінің көлемі тұрақты өсіп келеді
  • Хиджабқа жол берсек, Ауғанстаннан нашар ел боламыз – жазушы
  • Атырау әкімдігінің бұрынғы басшылары ұсталды
  • Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады
  • Шымкентте анасы мен қызы қылмыс үстінде ұсталды

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Экономика

Қазақстанда IT қызметінің көлемі тұрақты өсіп келеді

26.09.2023
РуханиятДін

Хиджабқа жол берсек, Ауғанстаннан нашар ел боламыз – жазушы

26.09.2023
ЖемқорлықОқиға

Атырау әкімдігінің бұрынғы басшылары ұсталды

26.09.2023
Қоғам

Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады

26.09.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?