Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері тұрғындардан жаңа туған нәрестелер мен олардың аналарын перзентханадан шығарып алу кезінде шулы мерекелер ұйымдастырмауын сұрады, деп хабарлайды Lada.kz
Дәрігерлердің айтуынша, олар күнде сағат 14:00-ден бастап жұмыс аяқталғанға дейін перинаталдық орталықтың маңынан музыканттар, аниматорлар және қымбат көліктер қатысатын нағыз шоу-бағдарламаларды көріп келеді. Алайда олар бала туылғаннан кейінгі алғашқы күндерде анасы екеуіне тыныштық қажет екенін айтуда.
Сонымен қатар, перзентханада қайғы оқиғалар да орын алатынын еске салды. Сондықтан ең жақын туыстары болып, кемінде 2-3 адам шығарып алуға келсе жеткілікті екенін мәлімдеді.
Жансақтау бөлімінде салмағы 500-700 грамм болатын жаңа туған балалар өмір үшін күреседі. Мұндай кезде аналар да, балалар да тыныштықты қажет етеді. Көшеден шыққан музыка палаталарға жетеді, бұл өз кезегінде дәрігерлерге де кедергі келтіреді,
деп түсіндірді маман.