Мемлекет бюджетінен тұмауға қарсы вакцинаның 2,3 млн дозасы сатып алынды.
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың айтуынша, ЖРВИ мен тұмаудың маусымы басталуға жақын. Осыған байланысты алдын алу шаралары басталып кетті.
Вакцина аймақтарға 20-25 қыркүйекке дейін жеткізіледі. 1 қазаннан бастап халықты жаппай егу науқаны басталады.
Бюджет есебінен егілетін халық тобы:
- жиі ауыратын балалар;
- диспансерлік есепте тұрған балалар;
- 60 жастан асқан, жабық медициналық-әлеуметтік мекемелердегі адамдар;
- жүкті әйелдер.
Жұмыс берушілер өз қаражаттарынан қызметкерлерінің вакцина алғаны қадағаланады. Тұмаудың алдын алу әлдеқайда тиімді. Ал қалған азаматтар үшін вакцина құны өзгеріссіз, шамамен 3 мың теңге көлемінде қалады.