Бүгінде Қазақстанда COVID-19 вирусына қарсы Pfizer вакцинасы 12 жастағы балалардан бастап салынады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс балалар жұқпалы аурулары жөніндегі бас маманы Динагүл Баешева Қазақстанда балалардың коронавирусқа қарсы вакцина салу жасын қысқарту мәселесі пысықталып жатқанын айтты.
Қазіргі уақытта біздің консультативтік комитетіміз жеті жастан асқан балаларды вакцинациялау мүмкіндіктерін зерттеп жатыр. Мұндай мәселелерде біз дәлелдемелік базаға, клиникалық хаттамаларға және халықаралық ұсыныстарға сүйенеміз. Біз қазірдің өзінде кейбір құжатты зерттеп жатырмыз және алғашқы ұсыныстар пайда бола сала, бұл мәселені дереу қарастырамыз,
деді Динагүл Баешева.
На сегодняшний день в Казахстане вакцинируют против Covid-19 детей с 12 лет препаратом Pfizer.