Елімізде орташа айлық көлемі өсті

Қазақстанда орташа айлық көлемі өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі бюросы хабарлады.

Қазақстанда екінші тоқсанда атаулы жалақының орташа мәні 312 011 теңге болды. 2021 жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда өсім 24 процент, нақты мәнде 8,9 процент болды,

делінген хабарламада.

Бұл ретте, жалақының медианалық мәні бағалау бойынша екінші тоқсанда 196 728 теңге болды. Медианалық мән дегеніміз — – жалақы қатарының орталық деңгейі.

Жалақының өсуі экономикалық қызметтің барлық негізгі түрінде байқалатыны айтып өтілді. 2021 жылғы осы тоқсанмен салыстырғанда ең үлкен өсім тіркелді:

  • құрылыс салаларында – 35,5 процент;
  • көлік және қойма шаруашылығында – 34,8 процент;
  • тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді қазу ісінде – 28,3 процент;
  • денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаларында төмен көрсеткіштер белгіленді – 12,1 процент;
  • басқа да қызмет түрлерін көрсету бойынша – 3,9 процент.

Бұл ретте өңірлік тұрғыда ең үлкен өсім Қызылорда облысында 31,3 процент болып тіркелді. Ең аз өсім Нұр-Сұлтанда -14,2%, дегенмен нақты мәнде 0,1 проценттік тармаққа төмендеу тіркелді.

Орташа айлық жалақы кәсіпорындардың тоқсандық есептері бойынша есептеледі. Орташа құн қосымша төлемдерді, үстемеақыларды, сыйлықақыларды, салықтар мен басқа да шегерімдерді ескере отырып жасалады.

Медианалық жалақы – бұл есептелген жалақы сомасы бойынша қызметкерлер санын бөлу орталығында тұратын және оны орташадан төмен және жоғары жалақы деп екі тең бөлікке бөлетін жалақы.

Еске салайық, Қазақстанда 2022 жылғы бірінші тоқсанда орташа айлық жалақы 285 433 теңге болған еді.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago