Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Елге қандай мамандар келіп, қандай мамандар кетіп жатыр?
01.12.2023
Қазақстанда қанша ер адам әйелінің тегін алған?
01.12.2023
70 жастағы әжей егіз бала тапты
01.12.2023
Зиянды еңбектегі адамдар әлеуметтік төлем алатын болды
01.12.2023
«Өміріңді өзгертемін»: Әлеуметтік желіде дипломсыз психологтар көбейген
01.12.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Галерея > Еліміздегі ең әдемі бес мекен
Галерея

Еліміздегі ең әдемі бес мекен

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 04.10.2023
Обновлено 04.10.2023 в 11:10
Поделиться
Поделиться

Елімізде көрнекі орындар көп. Солардың ішіндегі ең әдемі деген бес мекенді назарларыңызға ұсынамыз.

Бозжыра шатқалы

Қазақстанның ең тамаша жерлерінің бірі. Маңғышлақ түбегінде орналасқан шатқал үшкір-үшкір тастардан тұрады. Олардың пішіні мен көлемі әртүрлі. Азу тістері деп аталатын екі шыңның биіктігі 200 метр, дәл осы тастар мекеннің ең көрнекті орны болып саналады. Бозжыраның пайда болуы Тетис мұхитымен тікелей байланысты. Ол Еуразияның үлкен аумағын екі бөлікке: Гондвана мен Лавразияға бөлген.

Бозжыра аумағында әлі күнге дейін тасқа айналған балдырлар, ежелгі акулалардың тістері кездеседі. Бір кездері мұхиттың түбі болған таңғажайып ландшафт қазіргі таңда тарихшылар мен археологтар ақпарат іздеген маржан мекенге айналды.

Бозжыра өте үлкен, аралап біту үшін бір күн де жетпейді. Ай толған кезде, түн түскенде шатқалды бақылаудың өзі бойыңды әлдебір сиқырлы күйге бөлейді. Соншалықты ерекше әрі әдемі бола тұра Бозжыра туристер арасында танымал емес, өйткені, оған жету қиын.

Аққұм-Қалқан

Іле өзеніне жақын жатқан құм Алтын-Емел қорығының жауһары болып саналады. Ол әлемдік «Табиғаттың 7 жаңа кереметі» шортлистіне енеді. Жел тұрған кезде Аққұм ән айтады. Ғалымдар бұл құбылысты былай түсіндіреді: құрғақ ауа райында құм жаймен төмен қарай сырғығанда бір-біріне үйкеліп, әртүрлі дыбыстар шығарады. Ал аңыз бойынша құм – күнәсі үшін топыраққа айналған шайтан. Шайтан ұйықтап жатқан көрінеді. Оны не адам, не жел қозғағанда ол жылайды. Осылайша құмнан дауыс шығады.

Алайда Аққұм-Қалқанның ерекшелігі тек бұл емес. Ол шөл далада тас арасында жатыр. Қатты жел соқса да, құм орнынан қозғалмайды. Бұл да таңдай қақтыратын жайт.

Маралсай

Бұл таңғажайып орын Алматы табиғи қорығында, Іле Алатауы тауларында орналасқан. Маралсайдың екінші атауы – Монах шатқалы. Өйткені бұл жерде Монах өзені ағып жатыр. Оның суы кіршіксіз таза, емдік қасиеті де бар. 1700 метр биіктікте екі сатылы сарқырама ағады.

Тарихқа зер салсақ, өткен жүзжылдықтың 20-жылдары бірнеше дін қызметкері большевиктерден қашып, жартастар арасына жасырынған. Алайда билік олардың жасырынған жерін тауып алып, бәрін ату жазасына кескен, ал шіркеуі бар үңгірді жарып жіберген.

Ел аузында жүрген аңызға сенсек, бұл жерде түн түскенде монашканың киімін киген елес жүреді. Соны көрген адам ауруынан құлан-таза айығып кетеді екен, ал «елес» адасқан адамға жол көрсететін көрінеді.

Қарқаралы ұлттық паркі

Ол Қарағанды облысында орналасқан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қатарына жатады. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы таулы-орман ландшафтының екі ерекшелігі бар. Бірі – бассейн-көл. Табиғаттың теңдессіз сұлулығы таудың басында бассейнге ұқсап мөлдіреп жатыр.

Қарқаралының екінші ерекшелігі – Шайтанкөл. Суы ашық көк түсті көл ешқашан көлемін өзгертпейтіні бәрін таңғалдырады. Өзеннің түбін ешкім ешқашан көрмеген.

Бұл мекен де аңызға толы. Ертеде байдың Алтыншаш деген қызы мен кедейдің Алтай деген ұлы бір-бірін сүйіп қалыпты. Қос ғашық Шайтанкөл өзенінің түбінен өз бақыттарын тапқан екен.

Табан-Қарағай үстірті

Табиғаттың сұлулығы Алматы облысының Іле Алатау ұлттық паркінде орналасқан.

Бұл орынның екінші атауы – аспан астындағы жұмақ. Ең жоғары биіктігі теңіз деңгейінен 3200 метрде орналасқан. Шын мәнінде бұл жерде аспан соншалықты жақын көрінеді, аспанды қолмен ұстауға да болатын тәрізді. Үстіртті Шілік пен Жіңішке өзендері бөліп тұр.

Бұл жерге көктемнің аяғы, жаз мезгілінде келуге болады. Өйткені дәл осы уақытта Табан-Қарағай ерекше құлпырады. Әртүрлі өсімдіктер жайқалып, көздің жауын алады.

Автор: Мейіргүл Оңғарова

Анара Бауыржанқызы 04.10.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Елге қандай мамандар келіп, қандай мамандар кетіп жатыр?
  • Қазақстанда қанша ер адам әйелінің тегін алған?
  • 70 жастағы әжей егіз бала тапты
  • Зиянды еңбектегі адамдар әлеуметтік төлем алатын болды
  • «Өміріңді өзгертемін»: Әлеуметтік желіде дипломсыз психологтар көбейген

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Галерея

Сақ стиліндегі жаңа банкноталардың жаңа сериясы таныстырылды

15.11.2023
Галерея

Қазақстандықтар ерекше табиғи құбылыстың куәсі болды

06.11.2023
ГалереяТарих

Алматы тарихындағы жапон тұтқындарының қолтаңбасы

23.10.2023
Галерея

Әлемдегі үздік футбол стадионы анықталды

10.10.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?