Қоғамдық орында түкіргені үшін 23 адам айыппұл арқалады. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Арман Айтмағаметов айтты.
Оның айтуынша, қоғамдық тәртіп бұзудың аталған түрі көбінесе көшедегі камералар арқылы анықталады.
Бір күннің өзінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша полиция қызметкерлері түкіру әрекетіне жататын 23 әкімшілік заң бұзу фактісін анықтады. Олардың барлығы әкімшілік жауапқа тартылды. Анықталған 23 жайттың 17-сі көшедегі камераға түсіп қалса, алтауын полиция қызметкерлері тіркеген,
деді Арман Айтмағаметов брифингіде.
Сондай-ақ, департаментте мұндай әрекетке куә болсаңыз, фото немесе видеоға түсіріп, «102» мобильдік қосымшасы арқылы мәлімдеуге болатынын жеткізді.
Еске сала кетейік, енді қоғамдық орында «түйе» болуға тыйым салынды.