«Азаматтарға арналған үкімет» сайтында «Емханаға тіркелу» онлайн қызметі 30 қыркүйекке дейін істемейтіні хабарланды.
Қызметтің қол жетімділігін жаңартудың жоспарланған мерзімі — 2022 жылғы 30 қыркүйек,
делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жағдайға қатысты пікір білдірді.
Бұл техникалық қате болуы мүмкін, мұны анықтаймын. Тіркеу науқаны уақтылы, толық көлемде өтеді,
деді министр.
Поликлиникаға тіркелу науқаны 15 қыркүйек пен 15 қараша арасында жүруі керек еді.